Page 22 -
P. 22
2.3 Микроағзалардың өнеркәсіпте қолданылуы
Қазіргі замандағы биотехнология
Суретте көрсетілген
textbooks nis edu kz
Биотехнология – тірі ағзалар мен биологиялық үдеріс- ашымал сүт өнімдерінің
терді өнеркәсіптік өндірісте пайдалану. Нан, түрлі ашымал сүт қандай пайдасы бар?
өнімдері мен сусындарды дайындау – тірі микроағзалардың Бұл өнімдерді қандай үдеріс
нәтижесінде алуға болады?
адам қажеттіліктеріне пайдалануға негізделген және адамзат
тарихынан бұрын танымал. Жылқы сүтінен дайындалатын
дәстүрлі ашымал сүт өнімі – қымыздың дайындалуының
көптеген тәсілі бар. Сүт өнімдерінің ішінде қымыздан кей-
інгі ең маңыздысы шұбат болып табылады, ол түйе сүтінен
дайындалады. Қазіргі кезде бактериялар түрлі дәрумендерді,
фер менттер мен антибиотиктерді, тыңайтқыштарды алуда,
сондай-ақ ағынды суларды биологиялық тазартуда, метал- Тірек сөздер
дарды бактериялық шаймалауда және көптеген басқа да Биотехнология, қымыз, шұбат,
өндірістерде кеңінен қол данылады. сүтқышқылды бактериялар,
пастерлеу, лактоза, лактаза,
1-тапсырма Ашымал сүт өнімдерінің тағы қандай түрлері Қазақстанда лактазаның жеткіліксіздігі.
дәстүрлі болып табылады? Оларды өндіру технологияларының ерек-
шелігі қандай?
Бактериялардың ашымал сүт өнімдерін өндірудегі рөлі
Сүтқышқылды бактериялар – сүт қышқылы түзілуімен
өтетін көмірсуларды ашытатын микроағзалар тобы.
Сүтқышқылды ашытуды адам ежелгі замандардан бері
қолданып келеді. Адамдар сүт өнімдерін пайдаланып, да-
ярлау барысында қандай үдерістер жүретініне ой жіберіп
жатпастан, олардан ірімшіктер әзірлеген. Тек ХІХ ғасырда
ғана қазіргі микробиологияның негізін қалаушы Луи Пастер
сүтқышқылды ашудың микробтар тіршілік әрекетінің нәти-
жесі екендігін дәлелдеді. Сондай-ақ микроағзалар түріне
байланысты ашымал түрі де әртүрлі болатынын анықтады.
Қазіргі уақытта үй тұрмысында да, азық-түлік өнеркәсібін-
де де сүтқышқылды өнімдердің алуан түрін алады. Өнім Луи Пастер (1822-1895 жж.)
түріне қарай ашытқы құрамына белгілі бір қасиеттерге ие
микроағзалар штаммы енгізіледі.
Сонымен қатар Луи Пастер сүт өнімдерін залалсыздандыру мен белгілі бір температурада
бір рет жылыту арқылы сақтаудың ең тиімді әдістерінің бірін ұсынды. Бұл әдіс пастерлеу
деп аталды.
2-тапсырма Неліктен пастерленген өнімдер төмен температурада шектеулі уақыт аралығында сақтала-
тынын ойланып көр.
22

