Page 5 -
P. 5
Кіріспе
Құрметті оқушы!
Сенің қолыңдағы оқулық географиялық білімнің қисынды жалғасы. География – жалпы
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
адам және ғылымның ұлттық бірегейлігін қалыптастыру үшін қызмет ететін базалық пәндердің
бірі болып табылады.
Жаратылыстану-ғылыми және қоғамдық-ғылыми пәндерді біріктіретін география ғылымы
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
Жер туралы кешенді, жүйелі және әлеуметтік бағдарлы түсініктерді қалыптастырады.
Оқулықта табиғатты, халық пен шаруашылық арасындағы байланысты және олардың
өзара әрекеттесуі нәтижесінде туындайтын мәселелерді зерттеуге арналған тапсырмалар
мен ақпараттар ұсынылды.
Құрылымы жағынан географиялық білім жергілікті және ғаламдық деңгейлерді қамтиды,
сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық және экологиялық сипатқа ие мәселелердің шешімін
табуға, географиялық заңдылықтарды түсінуге және шешуге мүмкіндік береді.
Бұл жолы да, оқулық мазмұны саған бұған дейінгі таныс 6 тараудан тұрады: географиялық
зерттеу әдістері, картография және географиялық деректер базасы, физикалық география,
әлеуметтік география, экономикалық география және елтану (саяси география).
Оқулықтың басты мақсаты – географиялық бейнені тұтас қабылдайтын, географиялық ойлау
қабілеті дамыған және географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу. Демек, оқулық «адам–
қоғам–табиғат–мәдениет» жүйесіндегі өмірлік құндылықтарды меңгеруге, өз көзқарастарын
дәйектей отырып дәлелдеуге, түрлі үдерістер мен құбылыстар арасындағы байланыстарды
танып, оның маңыздылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл оқулықта қызықтыратын сұрақтарға, оқиғалар мен жағдаяттарға өз бетіңше жауап
табуға мол мүмкіндік берілген. Сен өз бетіңмен іздену арқылы сол жағдайлардың барлығын
басыңнан өткере аласың.
Оқулық мазмұнын басшылыққа ала отырып, білу, түсіну, қолдану, талдау, бағалау дағ-
дылары арқылы географиялық біліміңді жетілдіріп, жұмыс барысында пайдалануды игеріп
шығасың. Сонымен қатар әмбебап мақсат ретінде барлық тақырыптарда картамен, кестемен,
сызбалармен жұмыс жасауға бағытталған тапсырмалар саны алдыңғы жылдармен салысты-
рғанда ұлғайды.
Оқулықтағы «Біліміңді шыңда» айдарында берілген сұрақтар мен тапсырмаларға нақты
дәлелдер мен мысалдар келтіре отырып, жауап іздеу арқылы біліміңді толықтырасың.
«Зерттеу жүргіз» айдарында өз бетіңше немесе сыныптастарыңмен бірлесіп, белгілі бір
тақырып төңірегінде шағын зерттеу жұмысын жүргізесің. Осы орайда зерттеушілік дағдыңды
жетілдіресің және сол арқылы өзіңді қызықтыратын сұрақтарға жауап таба аласың.
«Қызықты деректер» айдарындағы мәліметтер де маңызды болып табылады, себебі ол
біліміңді көтеріп қана қоймай, оны бекітуге және дамытуға мүмкіндік береді. Географиялық
білім арқылы жергілікті және ғаламшарлық проблемалар қатар шешіліп отырады.
Оқулық мазмұнында жаңартылған статистикалық мәліметтер мен деректер жүйелі беріл-
ген. Суреттер мен сандық мәліметтер, кестелер, диаграммалар, яғни графикалық сызбалар
оқулықтың мазмұнын толықтырады және өз кезегінде тақырыптардың мақсатын ашуға негіз
болады. Бұл арқылы сен теориялық білімің мен практикалық дағдыңды ұштастыра пайдала-
нуға, жергілікті, аймақтық және ғаламдық мәселелерді шешуге қол жеткізе аласың.
Оқулықтағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жұмыс
істеуге берілген тапсырмалар коммуникативтік құзыреттілігіңді арттыруға көмектеседі.
Ауқымды түрде қарастырылып отырған физикалық және экономикалық біліммен қатар,
сен өзге пәндер бойынша да жинақтаған біліміңді пайдалана отырып, ғаламдық деңгейде
ойлауға, өзіңді әлемнің бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік аласың.
5

