Page 228 -
P. 228

№4 зертханалық жұмыс
              «Серпімділік күшінің серіппенің
              созылуына тәуелділігін зерттеу»

              Құрал-жабдықтар: серіппе, әрқайсысының массасы 50 г
              болатын жүктер жиынтығы, сызғыш, штатив.
              Құрал-жабдықтарды  пайдалануға  кірісердің  алдында                            d
                       ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
              нұсқау лықты (сұрақты) мұқият оқып шық.                                         c
              1-суретте көрсетілгендей құрал-жабдықтарды орнат. Серіп-
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
              пені ілген соң, оның созылуына жеткілікті орын қалғанына     1-сурет
              көз жеткіз.
                 1)  Серіппенің төменгі шеті мен партаның беті арасындағы қашықтықты
                    өлше (d ,мм)
                           0
                 2)  Төмендегі кестені (b) бөлімі бойынша нәтижелерді жазу үшін пай-
                    далан. Ұзындық өлшеулері миллиметрмен жазылуы керек.
                    Массасы 50 г деп белгіленген жүкті серіппеге іл. F серпімділік күшін
                    есепте және кестеге жаз (g=10 Н/кг).
                    Серіппенің төменгі шеті мен партаның беті арасындағы d қашық-
                    тықты өлше.
                    ∆x = (d  – d) теңдеуінің көмегімен серіппенің созылуын есепте (e).
                           0
                    ∆x-нің мәнін кестеге жаз. Кестеде өлшем бірлігін көрсет.
                    Тәжірибені массасы 100 г, 150 г, 200 г, 250 г және 300 г жүктермен
                    қайтала. Кестеге қажетті мәндерді енгіз.
                                                                             кесте
               Жүктің массасы,         Күш,                    Арақашықтық,            Созылу,
               m / г                   F / Н                   d / мм                  ∆x = (d   – d) /
                                                                                             0
               0                       0
               50
               100
               150
               200
               250
               300

                 3)  Сенің d арақашықтықты өлшеулеріңнің сенімділігіне көз жеткізуге
                    болатын бір әдісті қысқаша сипатта.
                 4)  Өз нәтижелеріңді ∆x-нің (ордината осі) F-ке (абсцисса осі) тәуелділік
                    графигін салу үшін пайдалан.
                 5)  Графиктен G градиентін анықта.
                    Оны қалай анықтағаныңды графикте сызып көрсет.
                 6)  G градиенті сандық қатынастары бойынша 1 / k тең, мұндағы k –
                    серіппенің қатаңдық коэффициенті.
                    Серіппенің  қатаңдық  коэффициенті  k-ны  есепте.  Өлшем  бірлігін
                    көрсет.
                    Серпімділік  күші  пен  серіппенің  созылуы  арасындағы  тәуелділік
                    қандай?




              228
              228
   223   224   225   226   227   228   229   230   231   232   233