Page 232 -
P. 232

№6 зертханалық жұмыс. Сырғанау үйкеліс коэффициентін әртүрлі
              тәсілдермен анықтау

                 Бұл зертханалық жұмыста сен сырғанау үйкеліс коэффициентін әртүрлі тәсілдермен анықтауды зер-
              делейсің.
                 Құрал-жабдықтар: динамометр, жалпақ ағаш тақтайша (беті тегіс), ағаш білеуше және жүктер
              жиынтығы.
                       ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                 Құрал-жабдықтарды пайдалануға кірісер алдында нұсқаулықты (сұрақты) мұқият оқып шық.
                 Зертте
                 1)  (І) Өлшеу құралы ретінде динамометр берілген, оның бөлік құнын анықта.
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                 а)  Динамометрмен білеушенің салмағын анықта.
                 ә)  W мәні бойынша пайыздық қателікті  Білеуше                Динамометр
                    тап.
                 2)  Тақтайша  үстіне  орналастырылған                                          Тақтайша
                    білеушенің  қозғалысы  барысында
                    әсер ететін үйкеліс күшін анықта.
                 а)  Ол үшін алдымен, жалпақ тақтайша-  Парта
                    ны партаның үстіне суретте көрсетіл-                                Эксперименттік құрылғы
                    гендей орналастыр.
                 ә)  Білеушені тегіс жағымен тақтайша үстіне қой. Білеушеге динамометрді  көлденең бағытта іл.
                 б)  Білеуше  жылжитындай динамометрден ақырындап тарт.
                    Білеуше қозғалысқа келгендегі динамометрдің көрсеткішін жазып ал: оны F  деп белгіле.
                                                                                          0
                 в)  F  мәні бойынша пайыздық қателікті анықта.
                     0
                 г)  Сырғанау үйкеліс  коэффициентін анықта.
                    Дене горизонталь бағытта қозғалған жағдайда оның ауырлық күші  нормаль қысым күшіне тең
                    екендігін ескере отырып, үйкеліс  коэффициентін есепте.
                    Тәжірибені массасы 50 г, 100 г, 150 г, 200 г, 250 г және 300 г жүктермен қайтала. Кестеге қажетті
                    мәндерді енгіз, өлшем бірліктерін жаз.

                  Жүктің массасы,   Күш,    Салмақ,   Үйкеліс коэффициенті, μ
                  m / г             F / …   W/….
                  0                 0
                  50
                  100
                  150
                  200
                  250
                  300

                 3)  Өз нәтижелеріңді F-тің (ордината осі) W-ға (абсцисса осі) тәуелділік графигін салу үшін пайдалан.
                 4)  Графиктен G градиентін анықта. Оны қалай анықтағаныңды графикте көрсет.
                    G градиент шамасын ескере отырып, үйкеліс коэффициентін анықта.
                    Әр жағдай  үшін төмендегі формуланы қолдана отырып, салыстырмалы қателікті анықта:
                                                   ∆µ   ∆F  ∆W
                                                      =    +                                                 (6.1)
                                                   µ    F    W
                    Соңғы  мәнді мына түрде жаз: μ ±∆μ≈
                 5)  Қорытынды жаса.


              232
              232
   227   228   229   230   231   232   233   234   235   236   237