Page 226 -
P. 226
№3 зертханалық жұмыс. «Ньютонның
екінші заңын оқып-үйрену»
Зертханада арбаның алатын үдеуінің күшке тәуелділігін зерттейсің.
Құрал-жабдықтар: арба, әрқайсысының массасы 10 г болатын жүк-
тер жиынтығы, сызғыш, таймер.
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
Құрал-жабдықтарды пайдалануға кірісердің
алдында әр нұсқаулықты (сұрақты) мұқият оқып
шық.
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
Тәжірибеде қолданылатын құрал-жабдықтар 1 метр
1-суретте көрсетілгендей орналас тырылған. арба
А және В таймер қақпалары орналасатын орын, жүк
олардың арақашықтығы 1 м. А қақпасы қозғалыс-
1-сурет
тың басталу, ал В қақпасы қозғалыстың аяқталу
уақытын тіркейді.
1) Арба жеңіл, бірақ мықты материалдан жасалған. Оның жүгімен
қоса алғандағы массасы M=500 г. Арбаның массасы өзгертілмейді.
Арбаның берілген арақашықтықтағы үдеуін өзгерту үшін, жіпке
байланған жүктің m массасын өзгертіп отыру керек.
Массасы 10 г жүк іліп, арбаның А және В қақпалары арасын жүріп
өту уақытын өлше.
2
Арбаның үдеуін a=2S/t формуласы арқылы есепте.
-2
Арбаға үдеу беретін күшті F=mg формуласымен анықта (g=9.8 м ∙ с ).
Төмендегі бос орынға (а) бөлімі бойынша нәтижелерді жазатын
кесте тұрғыз. Жүктің массасын 10 г-ға арттыра отырып, тәжірибені 6 рет
қайтала.
(-2)
2) Арбаға түсірілген F/Н (y осі) күштің a/м ∙ с (x осі) үдеуге тәуелділік
графигін тұрғыз. Сенің алған нүктелеріңе сәйкес келетін график сыз.
3) Графиктен G градиентін анықта.
Оны қалай анықтағаныңды графикте көрсет.
4) G градиенті қандай физикалық шаманы сипаттайды?
5) Егер күшті өзгертпей арбаның массасын өзгертсек, онда үдеудің
массаға тәуелділік графигін сызуға болады. Үдеудің массаға тәуелділігі
қандай?
6) Үдеудің массаға тәуелділік графигін тұрғыз. Өлшеулер жасаудың
және графикті масштаб бойынша сызудың қажеті жоқ (ойша жасалатын
эксперимент).
226
226

