Page 71 - Естествознаниe
P. 71

Зертте                                                               Ойлан

               Табиғатта су айналымы қалай жүреді?                                Өсімдіктер табиғат-
                  store nis edu kz
                                                                              тағы су айналымы үдерісі-
                                                                              не қатыса ма?



                                                                              Есте сақта!


                                                                                 Мұхит, теңіз, көл, өзен,
                                                                              мұздық, жерасты суы мен
                                                                              атмосфера суының бар-
                                                                              лығы табиғаттағы су айна-
                                                                              лымына қатысады.




             Табиғатта су жердің беткі қабатынан, гидросферадан атмосфераға көтеріліп,
          одан кері қайтып, үздіксіз қозғалады. Бұл булану, конденсация, жауын-шашынның

          түсуі мен су ағыны үдерістері арқылы жүреді.
             Күн сәулесі өзен, көл, теңіз және мұхиттардың бетін қыздырады. Судың бет-
          кі бөлігі буланып жоғары көтеріледі. Бу ауаның салқын қабатына көтерілгенде
          бірігіп, бұлтқа айналады. Ол жауын-шашын түрінде құрлыққа қайта түседі.

          Жауын-шашын өзен, көл, теңіз және мұхиттардың суын толықтырады. Біраз бөлігі
          топыраққа сіңіп, өсімдіктерді қоректендіреді. Ал біраз бөлігі жер қыртысының
          топырақ, құм, тас қабаттарынан өтіп, сүзіліп, тазарып, жерасты суын құрайды.
          Жерасты суы бұлақ болып қайта ағып шығады да, өзен-көлдерге қосылады. Жер

          бетін күн қыздырғанда су қайтадан буланып ауаға көтеріледі. Судың осындай
          қозғалысы табиғаттағы су айналымы деп аталады. Су айналымы жер бетіндегі
          суды жаңартып отырады.



           ?    Сен білесің бе?


               Жер бетіне бір күнде 306 миллиард литр су жа-
            уын-шашын ретінде түседі. Жаңбыр болып жауатын су
            тамшылары екі ай бұрын мұхит суы болуы мүмкін.











                                                                                                 9-сабақ      71
   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76