Page 69 - Естествознаниe
P. 69
Құтқарушылар
Фотосуреттерде ауаны таза сақтауға бағытталған шаралар бейнеленген. Ауаның
ластануын азайту үшін тағы не істеуге болады? Өз іс-әрекетіңнің жоспарын құр.
store nis edu kz
Зертте
Өз туған өлкеңде ауа
қалай ластанады?
1 2
Ойлан
Өз бөлмеңнің не сы-
ныбыңның ауасы неден
ластануы мүмкін?
3 4 ? Сен білесің бе?
Ауаның ластануына, негізінен, адамның іс-әрекеті Қалада отырғызылған
ерекше әсер етеді. Ірі қалаларда өнеркәсіп орын- ағаштар түтінді, шаң-то-
дарынан шыққан түтін мен шаң-тозаңнан тұмша заңды, түрлі газды ұстап
түзіледі. Ұшақтар мен зымырандар аспанға көтеріл- қалады. Сонымен қатар
генде және қонған кезде зиянды зат көп бөлінеді. олар шуды бәсеңде-
Қаладағы мыңдаған көлік шығаратын түтін мен газ, теді, желдің екпініне
шаң-тозаң да ауаға тарайды. Тұрмыстық қалдықтар тосқауыл болады. Бірақ
да шіріп, ауаға зиянды заттар бөледі. олардың өзі де зардап
шегеді. Қалада өсетін
Табиғи құбылыстар да ауаны ластайды. Мысалы, жа- ағаштың ормандағы
нартаудың атқылауынан пайда болған күл мен шаң-то- ағашқа қарағанда тір-
заң, найзағай мен аптап ыстықтан тұтанған өрттің шілігі қысқа болады.
түтіні ауаға араласады.
Ауаны ластанудан сақтау үшін өнеркәсіп орында-
рын, жылыту жүйесін қаладан не ауылдан алысырақ
салады. Олардан бөлінетін улы газ бен зиянды затты
сүзетін тазартқыш орнатады. Сондай-ақ қазір электр-
мен жүретін көлік жасау қолға алынып жатыр.
Өсімдік жапырағы – шаң-тозаңды, түтін мен зиянды
газды ұстап қалатын жақсы сүзгі. Сондықтан орман
отырғызылады, елді мекендерде жылына екі рет –
көктем мен күзде көгалдандыру жұмысы жүргізіледі.
8-сабақ 69

