Page 59 - Естествознаниe
P. 59
Астероид
Астероид – тас кесегінен не металл араласқан тастан тұратын кіші ғарыш денесі.
Олар ғаламшар сияқты Күнді айнала қозғалады. Күн жүйесіндегі астероидтардың тығыз
store nis edu kz
шоғырланған орны – Марс пен Юпитердің арасы. Оны астероидтар белдеуі деп атайды.
Жай көзбен көруге болатын ең ірі астероид Веста деп аталады.
Астероид өздігінен жарық шығармаса, біз оны қалай көреміз деп ойлайсың?
Күн жүйесіндегі
астероидтар белдеуі
Веста астероиды
Модель жаса Ойлан
Астероидтар белдеуінің моделін Қандай астероидтардың атмосфера-
жаса. дан өтіп, Жерге құлау мүмкіндігі мол: тас
па әлде темір ме? Неліктен?
ғарыш
астероид
атмосфера
Астероид па? Метеор
ма? Метеорит пе? метеор
Сызбаны зерделе. Не
түсінгеніңді айтып бер. метеорит
Диаметрі он километрден асатын астероидпен соқтығысу – Жер үшін қауіпті.
Мұндай ірі астероидтардың бәрі ғалымдарға белгілі. Ғалымдардың зерттеулері
бойынша олар Жермен қиылыспайтын орбитамен қозғалатындықтан, соқтығысу
қаупі жоқ.
5-сабақ 59

