Page 62 - Естествознаниe
P. 62
Жер Күнді айналғанда не өзгереді?
Сен Тірек сөздер:
store nis edu kz
• Жердің Күнді айналуынан қандай құбылыс полюс
болатынын білесің;
• оның табиғатқа әсерімен танысасың. жартышар
Солтүстік жартышар
Бұл қандай модель? Оңтүстік жартышар
экватор
Балалар Жер өз осінен айналған кезде Күннің
сәулесі Жерді қалай жарықтандыратынына
эксперимент жасады. Үстел шамын Күн орнына
қолданып, сыныптастарыңмен бірге осы
құбылысты модельдеп көр.
Ол үшін шеңбер құрып, сағат тіліне қарсы
бағытта баяу қозғала бастаңдар. Әркім толық
шеңбер жасап шығуы керек. Енді сұрақтарға
жауап бер.
1. Бұл модельді қалай атауға болады: «Жердің
Күнді айналуы» немесе «Күннің Жерді айналуы»?
2. Тәуліктің қай мезгілі:
а) сен «Күнге» қарсы қарап тұрған кез;
ә) «Күн» арқаңа түсіп тұрған кез;
б) «Күн» сенің сол жағыңда болған кез?
3. Жердің қозғалысын тағы қалай модельдеуге поляр күні
болады? жаз
қыс экватор
Қосарлы айналу
Сызбаны зерделе. Жер қалай айналады? Осы поляр түні
құбылыстардың арқасында Жер бетінде қандай
өзгерістер болады?
Жыл мезгілдерінің ауысуы Жер шарының барлық аймағында бірдей емес. Бұл
олардың қай жартышарда орналасуына байланысты. Экватор мен солтүстік полюс
арасы Солтүстік жартышарға, ал экватор мен оңтүстік полюс арасы Оңтүстік
жартышарға жатады. Солтүстік жартышарда жаз болса, Оңтүстік жартышарда қыс
болады.
62 2-бөлім. 3-тарау. Жер және ғарыш

