Page 60 - Естествознаниe
P. 60
Жердегі тіршілікке ғарыштың әсері
Сен Тiрeк cөздeр:
store nis edu kz
• Күн мен Айдың Жерге қалай әсер ететінін
білесің; судың көтерілуі
• Жер ғарыштың жағымсыз әсерінен қалай судың қайтуы
қорғанатынын түсінесің;
• судың көтерілуі мен қайтуы туралы мағлұмат
аласың.
Ғарыштың әсері
Негеш пен Эврика пиктограмма жасады. Онда ғарыштың
Жерге әсерін көрсеткісі келді. Пиктограммаларды
зерделеп, әрқайсысы туралы айтып бер.
Сен қандай пиктограмма жасар едің? Онда қандай
ақпарат болады?
Күн, Ай және Жер
Суреттен қандай ғарыш денелерін көріп тұрсың? Күн
деген не? Ал Жер ше? Өз білетініңе сүйеніп, Күн, Жер
және Айдың бір-біріне әсері туралы әңгімелеп бер.
Барлық ғарыш денелері бір-біріне әсер етеді.
Күн жұлдыз болғандықтан, жарық шығарады. Ол
орбита
Жер мен Айға жарық түсіреді. Жер – ғаламшар. Күн
Ғаламшарлар Күн сәулесін шағылдырады. Ай да күн Ай
сәулесін шағылдырады. Күн сәулесін неліктен Жердегі
тіршіліктің көзі деп атайды? Жер
Жер мен Ай ғарыш кеңістігінде үнемі қозғалып
жүреді. Бірақ қозғалыстары әртүрлі болады: Ай Жерді
айналады, ал Жер Күнді айналады. Жер мен Айды өз
орбитасында ұстап тұратын күш қалай аталады?
60 2-бөлім. 3-тарау. Жер және ғарыш

