Page 61 - Естествознаниe
P. 61

Сенімді қорғаныс

             Сурет бойынша әңгімеле. Жер ғарыштың жағымсыз
          әсерінен қалай қорғанады? Біз Жердің қорғаныс қабатын
                  store nis edu kz
          сақтау үшін не істей аламыз?


             Жердегі тіршілікке ғарыш сәт сайын әсер етеді. Жерді
          ғарыштан келетін қауіптен атмосфера қорғайды. Сон-
          дықтан Жердің озон қабатын сақтау өте маңызды.




          Ай                                                                     Ойлан

             Айды сипатта. Ол туралы не                                           Айдың арғы бетінде

          білесің? Ай Жерге қалай әсер етеді                                  не бар?
          деп ойлайсың?
             Суреттерді салыстыр. Не                                          ?    Сен білесің бе?
          байқадың? Бұл құбылыстың жүруіне
          Ай қалай әсер етуі мүмкін? Ойыңды айт.                                  Күн, Ай және Жер
                                                                               бір сызықтың бойына

              судың қайтуы                     судың көтерілуі                 келгенде, яғни жаңа ай
                                                                               туғанда су деңгейі ерек-
                                                                               ше қатты көтеріледі.



                                                                               Зертте

                                                                               Ай қалай өзгереді?




             Мұхит пен теңіз жағасының тұрғындарына судың
          көтерілуі мен  судың қайтуы – таныс құбылыс.
          Бұл Ай мен Жер арасындағы тартылыс күшінің
          әсерінен болады. Жердің Айға қараған жағындағы
          ірі суқоймалардағы су Айға тартылып, көтеріледі.

          Ал қарсы жағындағы су деңгейі төмендейді. Жер
          мен Айдың қозғалуына қарай судың көтерілуі мен
          қайтуының орны ауысып отырады. Мұхит жағалауында

          су тәулігіне екі рет көтеріліп, қайтады.







                                                                                                 6-сабақ      61
   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66