Page 53 -
P. 53
География
A
Ә
Ғ Д
Б
A
textbooks nis edu kz
Е
В
Г
Құрлықтар мен мұхиттар
Табиғаттағы су айналымы – жер шарын- Ә
дағы судың үздіксіз тұйық айналу үдерісі. Жер Мұздық
бетіндегі мұхит сулары және құрлық сулары күннің Жауын-шашын
қызуынан буланып, жоғары көтеріледі. Жоғары
биіктікте ауа температурасы төмен болғандықтан
қатты күйге айналып ауырлап, жауын-шашын күй-
інде жер бетіне қайта түседі. Дәл осындай үдерісті
су айналымы деп атайды. Су айналымы кіші және Булану Өзен
үлкен су айналымы болып бөлінеді. Буланып жоға- Құрлық
ры көтерілген су буы атмосфералық жауын-шашын
түрінде мұхитқа қайта оралса, бұл құбылыс – кіші
немесе мұхиттық айналым болады. Мұхит пен Мұхит
құрлықты қамтитын су айналымы – үлкен немесе
дүниежүзілік су айналымы деп аталады.
СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!
1. Гидросфера қандай қабат?
2. Гидросферада су қандай күйде кездеседі?
3. Мәтінді пайдалана отырып, тапсырмаларды орында.
3.1. Гидросфераның құрамын көрсететін диаграмма сыз.
3.2. Бұл диаграмма туралы не ойлайсың?
4. А суретін пайдалана отырып анықта.
4.1. Мұхиттарды ауданы бойынша атап шық.
4.2. А суретіндегі Г-Е әріптерімен бейнеленген теңіздерді картадан анықта.
5. Гидросфераның адамзат үшін маңыздылығына қандай дәлелдер айта аласың?
6. Картадан мұхиттарды, ең үлкен теңіздер мен өзендерді, көлдерді көрсет.
53

