Page 57 -
P. 57
Атлант мұхиты – Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші География
мұхит. Оны ежелгі гректер Африканың солтүстік-батысындағы Атлас (Атлант) тауына
байланысты атаған.
Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Амери-
каның, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Солтүстігінде Дейвис,
Дания бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік-шығысында Африка
мен Антарктида аралығында Үнді мұхитпен, оңтүстік-батысында Дрейк бұғазы арқылы
textbooks nis edu kz
Тынық мұхитпен жалғасып жатыр.
Теңіздері (Балтық, Солтүстік, Жерорта, Кариб т. б.) мен ірі шығанақтары (Бискай,
Гвинея т. б.) түгелдей дерлік мұхиттың солтүстік бөлігінде.
Iрі аралдары: Ұлыбритания, Ирландия, Ньюфаундленд, Υлкен Антиль, Кіші Ан-
тиль, Канар, Жасыл Мүйіс, Фолкленд аралдары. Мұхит табаны Орталық Атлант суасты
жотасымен бөлінген.
Мәтінде кездесетін географиялық нысандарды физикалық картадан көрсет.
СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!
1. Бұғаз, шығанақ және теңіз дегеніміз не? 4. «Литосфера» тарауынан меңгерген
2. Берілген картаға қарай отырып, мұхиттың бөліктерін біліміңді еске түсіріп, Атлант
(шығанақ, бұғаз), аралдар мен түбектерді тауып мұхитындағы суасты жоталарының
көрсет. орналасуын түсіндір.
3. Физикалық картаның шартты белгілерін пайдалана 5. Тынық мұхиттағы Мариан
отырып, өз таңдауың бойынша бір мұхитқа шұңғымасының пайда болуын түсіндір.
сипаттама жаса.
3.1. Мұхиттың атауы.
3.2. Географиялық орны.
3.3. Мұхит бөліктері.
3.4. Мұхиттың ерекшелігі.
57

