Page 54 -
P. 54

Гидросфераның құрамдас бөліктері


               мен зерттелуі





                  Бұл сабақта:                      Гидросфера жалпы жер бетінің 71%-дан астамын алып жатыр.
                   textbooks nis edu kz
                                                                                                         3
                  ✔   гидросфера және           Гидросферадағы барлық судың көлемі шамамен 1,6 млрд. км . Адам
                    оның құрамдас               тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Жалпы,
                    бөліктерін сипаттауды;      шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер, 4%-ын жерасты сулары
                                                құраса, 2%-ы мұз дықтар мен қарлардың (негізінен, Антарктида,
                  ✔   гидросфераның             Гренландия, Арктика), 0,4%-ы құрлықтардағы жерүсті суларының
                    зерттелуі туралы;
                                                (өзен, батпақ, көл) үлесіне тиеді. Гидросфераның құрамы сызбада
                  ✔   географиялық              көрсетілген.
                    дереккөздермен                  Гидрология – Жер шарындағы суды, оның құрамы мен тара-
                    (карта, сурет, мәтін,       луын және ондағы үдерістерді зерттейтін ғылым. Гидрология маманы
                    фотосуреттер,               гидролог деп аталады. Олар судың деңгейін өлшеп, ағыстардың
                    графикалық                  жылдамдығын, тұздылығы мен температурасын, ластануын анықтай-
                    материалдар) жұмыс          ды. Океанологтар Дүниежүзілік мұхит суларын арнайы кемелермен,
                    жасауды білетін             батискафпен және ғарыш көмегімен де зерттейді.
                    боласың.




                                                         ГИДРОСФЕРА






                 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК                                     АТМОСФЕРАДАҒЫ               ТІРІ АҒЗАЛАР
                  МҰХИТ ЖӘНЕ            ҚҰРЛЫҚ СУЛАРЫ                    СУ                ҚҰРАМЫНДАҒЫ СУ
                      ТЕҢІЗ





                      ӨЗЕНДЕР                КӨЛДЕР                   МҰЗДЫҚТАР             ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫ



                                                                                              Гидросфера құрамы


                                    ХХ ғасырдың басына дейін мұхит және суасты тіршілігі туралы адамдардың білетін
                                ақпараттары өте мардымсыз болды. Ұлы географиялық ашылулар кезеңінде Дүние-
                                жүзілік мұхиттың құрлықтан үш есе үлкен екені белгілі болды. Бірінші дүниежүзілік
                                соғыс жылдарында мұхит тереңдігін зерттеу ге эхолоттың көп көмегі болды. Эхолоттың
                                жұмыс жасау механизмі өте қарапайым. Кеменің төменгі бөлігіне мұхит тереңдігіне
                                дыбыс жіберетін құрал орнатылады. Жіберілген белгі мұхит түбіне жетіп, кері қайтады.
                                Арнайы дыбысұстағыш кері қайтқан дыбысты қабылдайды. Дыбыстың суда таралу
                                жылдамдығын біле отырып, мұхит түбінен кері қайтқан дыбыстың уақытын анықтау
                                арқылы мұхит тереңдігі анықталады. Ультрадыбыстық эхолоттың пайда болуы мұхит
                                түбін кеңірек зерттеуге мүмкіндік берді. Дыбыстың суда таралу жылдамдығы – 1 се-
                                кундта 1500 м. Соған қарай мұхит тереңдігін есептеп білуге болады.
         54
   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59