Page 106 -
P. 106
11.1. Центрді анықтау
Арқанмен жүруші Массалар центрі
қалайша тепе- Барлық нысандар массаға ие. Масса нысанның/заттың барлық
теңдікті сақтай көлемін алып тұрады. Құбылыстарды бақылауды жеңілдету үшін
алады? ғылымда және есептеулер жүргізу барысында біз болжамдар жа-
textbooks nis edu kz
саймыз. Ең негізгі ғылыми болжамдардың бірі бойынша нысанның/
заттың массасы бір нүктеге жинақталады. Оны біз массалар центрі
деп атаймыз. Көп жағдайларда дененің массалар центрі ауырлық
центрі болып табылады. Барлық денелердің массалар центрі мен
Жер массасына әсер ететін ауырлық күші болады. Үшбұрышты ны-
санды көз алдыңа елестет. Егер осы үшбұрышты көптеген кішкентай
бөліктерге бөлсе, онда әрбір бөлігіне ауырлық күші әсер етеді. Бұл
күштер тек бір бағытта, төмен қарай, бағытталады. Барлық күштерді
бір күшпен алмастыруға болады, ал осы күш түсірілген нүктені ауыр-
лық центрі деп қабылдауға болады. Бұл массалар центрі және ны-
санның массасы осында жинақталған деп болжанады.
ТАПСЫРМА Қатты қағаздан жасалған үшбұрыш пішінді фигураның
ең аз дегенде бес жерінен жіпке ілу керек. Массалар центрін табуға
тырыс. Таңдап алған нұсқаңды түсіндір.
ось ТАПСЫРМА Басқа да дұрыс пішінді фигуралардың ауырлық центрін
анықтаудың әдістерін ұсын, мысалы шаршы, параллелограмм және
дөңгелек.
өзек Дұрыс емес пішінді денелердің массалар центрі
еркін Мұндай пішіндердің ауырлық центрін анықтау үшін әртүрлі нүкте-
ілулі лерінен бірнеше рет ілу керек және ілінген күйінде тік сызықтар сызу
нысан
керек. Осы сызықтардың қиылысу нүктесі пішіннің массалық центрі
болып табылады.
тұғыр маятник
ЗЕРТТЕУ Қатты қағаздан жасалған үшбұрыш пішінді фигуралар-
дың ауырлық центрін анықтаңдар.
106

