Page 107 -
P. 107
Физика
Тепе-теңдік түрлері
Нысан қозғалмай тұрғанда біз оның статикалық тепе-теңдігі туралы айтамыз. Беттің
тепе-теңдік нүктесі мен нысанның тепе-теңдік нүктесі мен нысанның тіреу нүктесінің
арасындағы байланысқа, сонымен қатар массалар центріне (яғни айналу осіне) тәуелді.
Ауырлық центрі неғұрлым төмен орналасса, соғұрлым тепе-теңдік орнықты бола-
ды. Мысалы, автокөліктің ауырлық центрі неғұрлым төмен болса, соғұрлым оның
textbooks nis edu kz
аударылып кету қаупі азая түседі. Арқанның деңгейіне дейін иілетін ұзын сырықты
алатын арқанмен жүрушіні еске алайық. Бұл арқанмен жүрушінің ауырлық центрі
төмендеп, қауіпсіз қозғалысты жеңілдетеді, жүйе тепе-теңдігі орнатылады. Бірақ бұл
массалар центрі айналу осінен немесе тепе-теңдік нүктесінен төмен орналасқан
жағдайда ғана орындалады. Айналу осінен сәл ауытқудың өзі нысанды тұрақсыз етіп
айналдыра бастайды.
ТАПСЫРМА Диаметрі 4 см болатындай етіп ермексаз-
дан шар жаса. Шанышқыны ермексазға кіргіз. Екінші ша-
нышқыны біріншіге қарағанда 45° бұрышпен орналастыр.
Сондан соң шанышқылар арасына тіс шұқығыш орнат. Тіс
шұқығышты стақан шетіне орналастырып, стақанның орта-
сына қарай тепе-теңдік орнағанға дейін баяу жылжыт. Нәти-
жені түсіндір.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Жазық дененің (2D) массалар
центрін қалай анықтайтынын
түсіндір. Оны 3D нысанға жасай
аласың ба?
2. Дұрыс пішіндердің ауырлық
центрі олардың геометриялық
центрлерімен сәйкес келетінді-
гін дәлелде.
3. Не себепті алға қарай еңкеймей
орындықтан тұру мүмкін емес?
4. Денелер статикалық тепе-теңдік-
ті қалай сақтайды? Сақтамаса
не болар еді?
107

