Page 109 -
P. 109

Физика
            Тепе-теңдік нүктесін табу: Тепе-теңдік және моменттер.

            Егер иіндікке бірнеше күш әсер ететін болса, әсіресе,   1-адам                      2-адам
            күштер иіндіктің екі жағынан әсер ететін болса, онда
            әрбір күш оның тепе-теңдік күйіне әсер етеді. Иіндікке
            әсер ететін күш оны сағат тілінің бойымен немесе сағат
            тіліне қарама-қарсы бағытта айналдыра алады. Иіндік
                   textbooks nis edu kz
            тепе-теңдікте болу үшін оны сағат тілінің бойымен не-            2 м             1 м
            месе сағат тіліне қарама-қарсы бағытта айналдыратын   500 Н                              1000 Н
            күш моменттерінің теңдігі орындалу қажет. Бұл ереже                   Ортасы
            моменттер ережесі деп аталады.

              M 1 = M 2
             F 1 ∙ d 1 = F 2 ∙ d 2

            Жоғарыдағы сурет бойынша біз сағат тілінің бойымен немесе сағат тіліне қарама-қарсы
            бағытта айналдыратын моменттерді есептей аламыз.

              M  = 500 Н ∙ 2 м = 1000 Н ∙ м
              1
              M  = 1000 Н ∙ 1 м = 1000 Н ∙ м
              2

            Моменттер  шамасы  жағынан  тең  бағыттары  жағынан  қарама-қарсы  болғандықтан
            бұл күш моменттері тепе-теңдікте. Бұл дегеніміз әткеншек статикалық тепе-теңдікте
            тұр және қозғалмайды дегенді білдіреді. Айналу осіне қатысты кез келген ығысу әткен-
            шекті қозғалысқа келтіреді, сондықтан оны тепе-теңдікте ұстап тұру қиын!

             ЗЕРТТЕУ   Сызғыш,  ағаш  сына  мен  жүктің  көмегімен  иіндіктің  тепе-теңдік  шартын
            анықта. Статикалық тепе-теңдік орнағанша, жүкті иіндіктің екі жағына да қойып және
            айналу осіне дейінгі қашықтықты өзгерте отырып, ең кем дегенде 4 әртүрлі жағдайды
            тап.  Барлық әрекетіңді жаз.

                ОЙЛАН


                  Маған тіреу нүктесін көрсетіңдер, мен Жерді айналдырамын

              деп Сиракуздың ұлы физигі және математигі Архимед (б.з.д 287 —
              212) айтқан. Архимедтің ойы келесіде болған: «күш иіні неғұрлым
              үлкен болса, бұл күш соғұрлым көп жүк көтереді». Өте ұзын иіндіктің
              көмегімен шамасы бойынша үлкен күшті алуға болады. Сонымен, Ар-
              химед Жерді көтере алар ма еді? Бұл мүмкін бе? Мүмкін болса, қалай?
                                                                                            Архимед иіндігі



                СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

              1.  Есіктің тұтқасы неге есіктің ортасына қарай   3.  Екі тік бағыттағы 10 Н және 15 Н күштер иіндіктің екі ұшына
                 орналасады?                              әсер етеді. Иіндіктің ұзындығы 15 см, ал массасын ескер-
              2.  Шамасы жағынан бірдей екі күш салмақ-   меуге болады. Егер иіндік тепе теңдікте болса, тепе-теңдік
                                                          нүктесі қайда орналасады?
                 сыз иіндікке әсер етеді? F күш моменті
                                        1
                 2 Н∙м, ал F күш моменті 1 Н∙м-ге тең. Осы   4. Ұзындығы 10 м және салмағы 9 кН болатын бөрене екі
                         2
                 иіндік тепе-теңдікте тұра ма?            параллель арқанның көмегімен көлденең көтерілді. Егер
                                                          бір арқан бөрененің ұшына, ал екіншісі бөрененің ұшынан
                                                          1 м қашықтықта бекітілген болса, арқандардың керілу
                                                          күшін анықта.
                                                                                                                109
   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114