Page 110 -
P. 110

11.3.   Қарапайым механизмдер







                 Мысырлықтар                    Механикалық ұтымдылық
                 пирамидалардың                 Қарапайым механизмдер ішкі энергия көзін қажет етпейтін ме-
                 төбесіне үлкен                 ханизмдер болып табылады. Олардың жұмыс істеуі үшін сыртқы
                 тастарды                       күштер әсері қажет. Осы мәшинелердің кейбіреуі жұмыс атқару үшін
                   textbooks nis edu kz
                 көтерген                       ара қашықтықтың арқасында күшті көбейтуге қабілетті. Қарапайым
                 кезде көлбеу                   механизмдер негізгі төрт принциптің белгілі бір комбинациясымен
                 жазықтықтарды                  жұмыс істейді:
                 не себепті                     1) күштің мәнін арттыру;

                 қолданған деп                  2) арақашықтық пен күш жылдамдығын арттыру;
                 ойлайсың?                      3) күшті бір жағдайдан басқасына беру;
                                                4) күштің бағытын өзгерту.
                                                Бірақ есіңде сақта, энергия пайда болмайды және жоғалып кетпейді.
                                                Бұл жалпы жұмыс өзгермейді дегенді білдіреді. Осылайша азғана
                                                күш таңғаларлық әрекет жасауға қабілетті! Бірақ осы күшке үлкен
                                                арақашықтықтан әсер ету тиімсіз болып табылады. Бұл барлық
                                                қарапайым механизмдерге тән: көп күшпен аз ара қашықтықтан
                                                әсер етесің немесе аз күшпен үлкен ара қашықтықтан әсер етесің.
                                                Бұл «механиканың алтын ережесі» деп аталады: күштен қанша есе
                                                ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз; орын ауыстырудан
                                                қанша есе ұтсақ, күштен сонше есе ұтыламыз. Біз бұлшық еттеріміздің
                                                күші жетпейтін жүктерді көлбеу жазықтық, блок тағы басқа меха-
                                                низмдердің көмегімен көтереміз. Төменде аз ғана күштің үлкен
                                                арақашықтықтан әсер еткенде қажетті жұмысты атқаруға қабілетті
                                                болатындығын көресің. Бұл қарапайым механизмдер аз күш
                                                арқасында белгілі бір жұмысты атқару үшін энергия беруге
                                                қабілетті.





                                                    F 1







                                                                     l 1                      l 2


                                                                                                        F 2

                                                Кез келген иіндіктің күш ұтысын түсірілген күштің алынған күшке
                                                қатынасы арқылы есептеуге болады.

                                                                    Күштен ұтыс =   F 1  =  l 1
                                                                                   F 2    l 2
                                                Инженерлік салада қарапайым механизмдердің негізгі алты түрі
                                                бар: иіндік, көлбеу жазықтық, блок, шығыр, сына, бұранда.

        110
   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115