Page 4 -
P. 4
Кіріспе
Қымбатты оқушылар!
Сендер табиғат туралы өте қызықты да күрделі жаңа ғылым саласының бірі –
физикамен танысасыңдар. Физика алуан түрлі табиғат құбылыстарын кеңінен
қарастыратын болғандықтан, жаратылыстану ғылымдарының ішінде ерекше
textbooks nis edu kz
орын алады. Жел неге тұрады, өзен қайда ағады, жаңғырық пен найзағай деген
не, ғарыш кемесін қалай ұшыруға болады, Ай неге құламайды және біздің Әлем
қалай құрылды — осы сұрақтарға және басқа да көптеген сұрақтарға физиканы
оқу арқылы ғана қол жеткізе аласыңдар.
«Физика» сөзі табиғат деген мағынаны білдіретін гректің «фюзис» сөзінен
шыққан. Бұл тұңғыш рет біздің эрамызға дейін IV ғасырда өмір сүрген ертедегі
ұлы ойшылдардың бірі Аристотельдің еңбектерінде жарық көрді. Физиканың
дамуына зор үлес қосқан шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби болды.
Адамзат тарихында философиялық ұлылығы мен данышпандығы және жара-
тылыстану ғылымындағы энциклопедиялық білімінің тереңдігі үшін әл-Фарабиді
(Аристотельден кейінгі) «Екінші ұстаз» деп атады. Орыс тіліне «физика» сөзін ен-
гізген және неміс тілінен аударып алғашқы физика оқулығын шығарған Михаил
Васильевич Ломоносов болатын.
Физика өркендеп, даму барысында тарихи ғылым ретінде адамзат мәдение-
тінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Әрбір адам өзі өмір сүріп жатқан
әлемнің қалай құрылғанын білу керек және оны көздің қарашығындай қорғап
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуі тиіс. Сондықтан табиғаттағы процестер қандай заң-
дылықтарға бағынатынын түсінуі және оларды құрметтеуі керек, егер алғашқы
кесілген ағаш дамудың бастамасы болса, ал соңғысы оның түбіне жететінін
сезінуі керек.
Қазіргі заманғы білім берудің негізгі талаптарының бірі — табиғат құбылыста-
рын зерттеп, өз беттерімен бақылап, зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Табиғат
құбылыстарын зерттеуде эксперимент жүргізудің алатын орны ерекше. Физика-
лық құбылыстар жөніндегі білім әртүрлі техникалық құрылғылардың механизмі
мен құрылысын білуге, күнделікті қоршаған ортаны танып білуге көмектеседі.
Физиканың негізгі мақсаты — табиғатта болып жатқан әртүрлі физикалық құ-
былыстарды зерттеп, оларды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.
Жаңа білімді игеру жолында сәттілік тілейміз!

