Page 8 -
P. 8

1.2.   Физикалық өлшеулер







                 Заттың                         Физикадағы зерттеу әдістері
                 ұзындығын өлшеу                Адамдардың дүниені зерттеуі физикалық құбылыстарды бақылаудан
                 үшін оқушы үш                  басталады. Мысалы, егер денені ұстамасаң, ол құлайды, ыдысқа
                 әртүрлі сызғыш                 құйылмаса су ағып кетеді, ал оттың жанында орналасқан заттар
                   textbooks nis edu kz
                 пайдаланды.                    қызады немесе еріп те кетеді. Бұл бақылау болып табылады. Алайда
                 Олардың қайсысы                тек бақылаулар жүргізілсе, неліктен кей нәрселердің болатынын
                 ұзындықты дәлірек              түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан адамдар эксперименттер жүргі-
                 өлшейді? Неге                  зе бастады, яғни жүйелі түрде өзгерістер енгізіп, заттарда қандай

                 олай ойлайсың?                 өзгерістер болатынын қарап отырды.
                 Осы үш өлшеудің                Не үшін ғылымда эксперименттер өткізіледі? Неліктен тәжірибелерді
                 арасында қандай                бірнеше рет қайталау керек? Бақылау немесе тексеру мүмкіндігі
                 айырмашылықтар                 болмайтын пайымдаулар туралы не айта аласың? «Жүйелі түрде»

                 бар?                           дегенді қалай түсінесің?
                                                Физикадағы өлшеулер


                                                 ЗЕРТТЕУ   Эксперименттерді өткізу мақсатында саған өзіңді қызықты-
                                                ратын физикалық құбылыстың әртүрлі өлшеулерін жасауың қажет.
                                                Осы мақсатта арнайы өлшеуіш құралдар пайдаланады. Мысалы,
                                                уақытты өлшейтін сағат, ұзындықты өлшейтін сызғыш. Көптеген
                                                өлшеуіш құралдардың физикалық шаманың сан мәнін анықтауға
                                                мүмкіндік беретін шкаласы болады.
                                                                                      Термометр — темпера-
                                                 ТАПСЫРМА   Төмендегі суреттерге қара   тураны өлшейтін құрал.
                                                және келесі сұрақтарға жауап бер:     Термометрдің  шкаласы


                A                               а) Әр суретте қандай өлшеуіш құрал-   бар. Ол шкала цифрлар-
                                                ды  көріп тұрсың?                     мен белгіленген бөліктер-
                                                                                      ден тұрады.
                                                ә) Олар қандай физикалық шаманы       Таразы  —  денелердің
                                                өлшейді?                              массасын өлшейтін құрал,
                                                б)  Олардың  өлшем  бірлігін  қоса    оның бөліктерінің мини-
                                                алғандағы көрсетулерін анықта.        малды құны 0,1 грамм.

                Ә
                                                Шамалардың өлшем бірлігі
                                                Ғалымдар әртүрлі физикалық шамалар үшін бірыңғай өлшемдер
                                                жүйесін қолданады. Физикалық шама - физикалық дененің немесе
                                                физикалық құбылыстың қасиеттерін сипаттайтын шама, физикалық
                                                шаманы өлшеуіш құралдың көмегімен өлшеуге немесе формула
                Б
                                                бойынша есептеуге болады. Әр физикалық шаманың өзінің жеке
                                                таңбалық белгісі және өлшем бірлігі бар.


                                                 ЕСТЕ САҚТА!   Халықаралық  бірліктер  жүйесі  (ХБЖ)  өлшеулер  мен
                                                есептеулерді стандарттау үшін жасалынған. Өлшем бірліктері не-
                                                гізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
                                                Негізгі өлшем бірліктерінің тізімі төмендегі кестеде көрсетілген.
         8
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13