Page 7 -
P. 7

Физика

             ТАПСЫРМА   Суреттерде көрсетілген физикалық      A                        Ә
            құбылыстарды ата.

             ТАПСЫРМА   Физикалық құбылыстардың әр түріне
            мысалдар келтір.

            Физикалық денелер
                   textbooks nis edu kz
            Өзіңнің кабинетіңдегі орналасқан нысандарға қара.
            Бұл парталар, орындықтар, тақта, қабырғалар және   Б                       В
            т.б. Барлық осы нысандарды «физикалық денелер»
            деп айтуға болады, өйткені олардың белгілі пішіні
            және өлшемі бар. Оларды физика тұрғысынан
            зерттей отырып, олардың қандай материалдан
            жасалғанын, пішіні қандай екенін және қаншалықты
            осы пішінді сақтай алатынын, сұйықтықтың қалай
            тұрақты өзгеретінін және тағы басқаларды анықтай   Г                       Ғ
            аласың. Не туралы (зат немесе дене) айтылатынын
            анықтау аса маңызды. Мысалы, үйдің қабырғасы
            бетоннан жасалған, бетон —  зат, ал қабырға —
            физикалық дене.

            Физикалық шамалар

            Біз физикалық денелер мен заттарды, сондай-ақ     Д                        Е
            физикалық құбылыстарды оқып білдік. Енді бізге
            өзіміздің жүргізетін бақылаулардан біздің қандай
            физикалық шамаларды бақылай алатынымыз-
            ды түсінуіміз қажет.
            Физикалық шама —  физикалық дененің неме-
            се физикалық құбылыстың қасиетін сипаттайтын
            шама. Физикалық шаманы өлшеуіш құралдармен        Ж                        З
            өлшеуге немесе формула бойынша есептеуге бо-
            лады. Әр физикалық шаманың өз таңбалық белгісі
            және өлшем бірлігі бар. Уақыт физикалық шамаға
            жатады және секундпен, минутпен және сағатпен
            өлшенеді, арақашықтықты метрмен немесе кило-
            метрмен (сондай-ақ миллиметрмен және санти-
            метрмен) өлшеуге болады.

            Физикалық шамалардың басқаларымен осы курс барысында танысасың.


                СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

              1.  «Зат», «физикалық дене», «физикалық құбылыс» және   3.  Неліктен бақылаулар және өлшеулер жасау
                 «физикалық шамалар» нені білдіреді?                  қажет?
              2.  Мектепке бара жатқанда және келерде өзің байқаған   4.  Әртүрлі ресурстарды қолданып физикалық
                 кейбір физикалық құбылыстарды ата және сипатта. Мұн-  құбылыстардың бірнеше мысалдарын кел-
                 дай жағдайда қандай физикалық шамаларды өлшей        тір және қандай түрге жататынын түсіндір.
                 алар едің?


                                                                                                                 7
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12