Page 6 -
P. 6

1.1.   Физика нені зерттейді







                 Кемелер неліктен               Неліктен біз физиканы оқып білеміз?
                 жүзеді? Аспандағы              Осы сұраққа жауап беру үшін тарихқа жүгінейік. Осы уақытқа дейін
                 кемпірқосақ қалай              (шамамен жүз жыл бұрын) адамдар барлығын дерлік өз қолымен
                 пайда болады?                  жасайтын болған: киім-кешек және аяқ киім тігетін, өздерінің үйлерін
                   textbooks nis edu kz
                 Дыбыс қалай                    салатын, ат көлігін пайдаланатын. Көрші елді мекенге жету үшін
                 жұмыс істейді?                 бірнеше күн қажет болатын. Қазіргі таңда біз пойыз немесе ұшаққа
                                                билет сатып алып, Жер шарының кез келген жеріне бірнеше сағатта
                                                жете аламыз. Біз тұратын үйлерді арнайы маманданған адамдар
                                                салады. Бізге белгілі көптеген нәрселер уақыт аралығында едәуір
                                                өзгерістерге ұшырайды. Сен бұл өзгерістерді ұялы телефондардың
                                                мысалында көре аласың. Осының бәрі қайдан пайда болды?

                  СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?               Осы технологиялардың барлығы ғылымның әртүрлі салаларындағы
                                                жетістіктердің арқасында мүмкін болды. Физиканың осыған қосқан
                 Физика химия, биология, гео-   үлесі де аз емес. Физика — табиғаттағы физикалық құбылыстарды
                 логия және басқа ғылымдар
                 секілді  жаратылыстану         зерттейтін ғылым. Физика заттың және энергияның өзара әсерлесуін
                 ғылымдарының  қатарына         қарастырады. Сендер үшін жаңа болып табылатын физика ғылымы
                 жатады. Алайда, басқалар-      бізді қоршайтын бүкіл нәрселерді, олармен не болатынын, олар
                 дан ерекшелігі -  физика "Ір-  қалай өзгеретінін зерттейді.
                 гелі ғылым" болып табыла-
                 ды. Физика келтірілген басқа   Физикалық дүние түсінігі
                 ғылымдар сияқты, әрқашан
                 физика заңдарына бағына-       Физикалық құбылыстар — физикалық денелермен немесе ны-
                 тын материалдық жүйелер        сандармен болатын үдерістер. Мысалы, қасықты ыстық суға салған
                 кластарының кейбірін ғана      кезде, оның температурасы өзгереді; суды мұздатқышқа салған кез-
                 емес, барлығын зерттейді.      де оның пішіні өзгереді және ол қатты затқа айналады; денелерді

                                                итерген кезде олар қозғалады, бірақ кейін баяулайды да, тоқтайды;
                                                найзағай жарқыраған кезде біз жарықты көреміз және күннің күр-
                                                кіреуін естиміз. Осы құбылыстарды қалай түсіндіре аламыз?
                                                Физикалық денелермен болатын барлық нәрселерді физикалық
                                                құбылыстар деп атауға болады.

                                                Физикалық құбылыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Мы-
                                                салы, денелер бір-біріне қатысты қозғалса — бұл механикалық
                                                құбылыс. Егер біз электр зарядтарының пайда болуын, өзара әсерін
                                                       және қозғалысын бақыласақ — бұл электр құбылыстары. Де-
                                                             ненің температурасы өзгерген кезде жылу құбылыста-
                                                                 ры байқалады. Оптикалық құбылыстар жарықтың
                                                                   сынуы, шағылысуы және таралуы кезінде байқа-
                                                                    лады. Дыбыстық құбылыс —  бұл адам құлағы
                                                                     еститін тербелістер.









         6
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11