Page 9 -
P. 9

Физика


                             Негізгі өлшем бірліктері (ХБЖ)
              Физикалық шама     Өлшем бірлігінің атауы      Аббревиатура
              Масса              Килограмм                   кг
              Ұзындық            Метр                        м

              Уақыт              Секунд                      с
                   textbooks nis edu kz
             ЗЕРТТЕУ   Сызғыш және рулетканы қолданып партаның ұзындығын
            өлше. Өз нәтижелеріңді сыныптастарыңмен талқыла. Осы зерттеуді
            қалай жақсартуға болар еді?
                                                                                                   Өлшем
            Өлшеулердегі дәлдік және қателік                                                       бірліктері

            Физикалық шамаларды құралдардың көмегімен өлшеген кезде біз
            оны барынша дәлірек орындауға тырысамыз. Барлық құралдардың
            шкаласы болады. Әрбір шкаланың бөліктері болады, яғни қатар ор-   Өлшенетін
                                                                              шаманың
            наласқан штрихтардың арасындағы қашықтық. Шкаладағы штрихтар  мәні
            міндетті түрде сан мәндерімен белгіленеді, алайда барлық штрихтар-                       Штрих
            дың сан мәндерін жазу ыңғайсыз. Сондықтан құралдың бөлік құнын                           сызықтары
            анықтауды үйрену қажет. Бөлік құны дегеніміз құралдың өлшей алатын   Өлшеу               Бөліктер
                                                                                шегі
            ең кіші мәні. Сабақ басындағы әрбір сызғыштың бөлік құны неге тең?
            Өлшеу дәлдігі құралдың бөлік құнының мәніне тәуелді. Құралдың
            бөлік құны қаншалықты төмен болса, өлшеу соншалықты дәлірек
            болады. Сонымен қатар, өлшеу кезінде пайда болатын кез келген
            қатені ескеруіміз қажет.

            Сандардың стандарт түрде жазылуы

            Айналамыздағы болып жатқан нәрселерді зерттей отырып, кейде         Сан           Көбейткіш
            шамалары алуан түрлі мәндерді өлшеуге тура келеді. Кейде өл-         5,3 см=5,3•10 м
                                                                                                    -3
            шемдер өте кіші мәндерге ие болады. Мысалы, масса грамммен, ал
            ұзындық миллиметрмен өлшенуі мүмкін. Ал кейбір өлшемдер өте            Қосымша     Өлшем
            үлкен мәнге ие болады. Мысалы, масса тоннамен, ұзындық ондаған                     бірліктері
            немесе жүздеген километрмен өлшенуі мүмкін.

            Осындай мәндердің жазылуы қолайлы болу үшін арнайы қосымшалар
            қолданылады.
            Мысалы: 5,3 см = 5,3 · 10  м.
                                    -2
                   Еселік қосымшалар              Үлестік қосымшалар
              Гекто     10²        г         Санти      10- 2     с

              Кило      10³        к         Милли      10 -3     м
              Мега      10³        М         Микро      10 -6     мк



                СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

              1.  Көк киттің массасы шамамен 150 тоннаға тең. Осы мәнді килограммен өрнекте және оны стандартты
                 түрде жаз.
              2.  Үйде орында! Өз үйіңде 3 өлшеуіш құралды тап. Олардың ең үлкен және ең кіші өлшемдерін жаз. Әр
                 құрал шкаласының бөлік құны неге тең? Олардың өлшем бірліктерін көрсет.

                                                                                                                 9
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14