Page 57 -
P. 57

Физика
            Денелер қалай деформацияланады?

            Дене деформацияланған кезде, оның құрамындағы бөлшектердің орны өзгереді.Егер
            денені сығатын болса, онда молекулалар арасындағы қашықтық азаяды, олардың
            арасындағы тебуші күштер тартылыс күштерінен үлкен болады және молекулаларды
            бастапқы қалпына келтіруге тырысады. Егер молекулалар күш әрекеті тоқтағаннан
            кейін бастапқы қалпына келсе, онда деформация серпімді деп аталады. Серпімді
                   textbooks nis edu kz
            материалдар — резеңке, болат, ағаш, тығын, поливинилхлорид (мекемелердің еденін
            қаптайтын материал).

            Денеге және материалдың түріне әсер ететін күштің сандық мәніне байланысты,
            кейде дене бастапқы өз қалпына келе алмайды. Мұны пластикалық деформация
            деп айтады.

            Пластикалық материалдар — ылғал балшық, ермексаз, қорғасын, пластик, мелфлекс
            (аяқ киім дайындайтын материал). Суретте дене молекулаларының деформациялан-
            баған, олардың сығылған және созылған күйлері берілген.







                деформацияланбаған күйі              сығылған күйі              созылған күйі


             ЕСТЕ САҚТА!   Дененің пішіні мен көлемінің өзгерісімен байланысты құбылысты де-
            формация деп атайды. (лат. «deformatio» — қисаю, майысу).

               Деформацияның түрлері: созылу, сығылу, майысу, бұралу және ығысу.


               Сыртқы күштердің әсері тоқтағаннан кейін толығымен жойылып кететін деформа-
            ция серпімді деп аталады.

               Сыртқы күштердің әсері тоқтағаннан кейін толығымен жойылып кетпейтін дефор-
            мация пластикалық деп аталады.


             ЗЕРТТЕУ   Жүк ілу әсерінен иілгіш бинттің созылуын зертте.

            1.  Иілгіш бинттің бір шетін бекітіп, екінші шетіне бекітілген жүк жерге тимейтіндей
            етіп, оның ұзындығы мен биіктігін анықта.

            2.  Деформацияға дейінгі және кейінгі молекулалардың жуықтап орналасуын бей-
            неле. Суреттерге дененің қалпын сипаттайтын түсініктеме жаз.


                СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР


              1.  Күнделікті өмірден деформацияның әр түріне үш мысал келтір.
              2.  Деформацияның серпімді және пластикалық деформация түріне жататынындығына
                 не себеп болатындығын түсіндір.
               ҚОСЫМША   Әртүрлі өзендер немесе басқа да географиялық нысандарды қиып өтуге
              көпірлер қолданды. Көпірлердің құрылысы үшін мақсаттарына және қол жетімділігіне
              қарай әртүрлі материалдар қолданады.
              Көпірлері бар бірнеше сурет тап. Көпірдің негізгі құрылымын жасау үшін материалдар-
              дың қандай механикалық қасиеттері болу керек деп ойлайсың?

                                                                                                                 57
   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62