Page 61 -
P. 61
Физика
ЗЕРТТЕУ Түрлі денелердің созылуына: резеңке бауға, ауа шарына,
полиэтилен пакеттерінің түрлі ұзындықтағы жолақтарына жоспар
құр және зерттеу жүргіз.
1. Сен таңдап алған дене үшін тәжірибе нәтижелері бойынша сер-
пімділік күшінің ұзаруға тәуелділік графигін сал.
2. Осы аталған денелердің (материалдардың) ішінен қайсысы Гук
textbooks nis edu kz
заңына бағынатынын түсіндір? Осыны қалай түсіндің?
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
Ұлы Отан соғысы кезінде бір қызықты оқиға болды. И.М. Журба
гвардия лейтенантының айтуы бойынша, бір шабуылда фашистік
бронетранспортерді атып түсіргенде ішінде 60-қа жуық резең-
ке бұрау (жгут) табылды. Бір сарбазда гранаталарды лақтыру
үшін үлкен рогаткаларды жасау идеясы пайда болды. Рогатка
арқылы лақтырылған граната 150 метрге ұшатынын байқадық,
әдетте, қолмен лақтырғанда ол тек 45 м-ге ұшатын. Кешке қайың
ағашынан ұзындығы бір метр 52 рогатка жасалып, жерге тірелді.
Таңертең қарсылас 100 метр қашықтықта жиналды. Гитлер әскері
шабуылдай бастағанда, бір уақытта 52 граната ұшты. Жарылыстан
шошыған әскер артқа қара шегіне бастады. Осылайша, сарбаздар
тапқырлықтың арқасында жеңіске жетті.
Жақсы ұйқы адам денсаулығы үшін өте маңызды. Төсекте жатқан
кезде, матрас деформацияланады. Қазіргі матрастар әртүрлі матери-
алдардан жасалып шығарылады. Кейбір матрастарда серіппе, кейбір
матрастарда қайта қалпына келетін көпіршіктер қолданылады. Ең
бастысы, барлық матрастар серпімді материалдардан жасалуы керек.
ТАПСЫРМА Деформация туралы біліміңді қолданып, матрас сатылы-
мын ұлғайту үшін жарнама ойлап тап та, оны көрсет.
Қайта қалпына келетін көпіршіктер
61

