Page 62 -
P. 62
Өзіңді тексер
1. Зат құрылымы туралы біліміңді қолданып, серпімділік күшінің қалай пайда болатынын
түсіндір. Серпімділік күші неге тәуелді?
2. Тарзанкадан секірген кезде резеңке бұрауға не болады, бөлімнің тірек ұғымдарын
қолдана отырып, сипатта. Түсіндірме сурет сал.
textbooks nis edu kz
3. Қоршаған ортадан деформацияның серпімді немесе пластикалық түріне екі мысалдан
келтіріп, кестені толтыр.
майысу бұралу ығысу созылу сығылу
4. Үйіңдегі қандай заттар деформацияға ұшырайды? Жауабыңды түсіндір.
5. Оқушы серіппенің қатаңдығын өлшеу бойынша зертханалық жұмысты орындай отырып,
келесі мәндерді алды:
F /Н 100 200 300 400 500
серп
Δl /м 0,05 0,1 0,15 0,2 0,25
a) Кестедегі мәндерді қолданып, серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік
графигін сал.
ә) Серпімділік күшінің серіппенің ұзаруынан тәуелділік графигінен серіппенің қатаң-
дығын есепте.
б) Егер серіппенің қатаңдығы ..., онда график қалай өзгереді?
1) екі есе артса; 2) екі есе кемісе.
Өзіңді бағала
Берілген тараудың оқу мақсаттарын қаншалықты жақсы меңгергендігің туралы ойлан. Өз
нәтижелеріңді бағалау үшін мұғалім ұсынған жұмыс парағын қолдан.
Менің қолымнан келеді:
тірек сөздерді қолданып, пластикалық және серпімді деформациялар арасындағы айырмашылықтарды
түсіндіру;
ең кем дегенде 5 деформация түрін атау және түсіндіру;
динамометрдің көмегімен серпімділік күшін өлшеу;
серпімділік күшін, серіппенің қатаңдығын және серіппенің созылуын (сығылуын) есептеу үшін Гук заңын
қолдану;
созылу деформациясы кезіндегі ұзарудың серпімділік күшіне тәуелділік графигін салу;
график бойынша серіппенің қатаңдық коэффициентін есептеу;
Гук заңы қай жағдайларда орындалатынын түсіндіру;
сөйлемдерде ғылыми терминологияны, мысалы: тәуелді, әсерінен, өлшенеді, пайда болады, егер, көлбеу
бұрышы үлкен және т.б. дұрыс қолдану.
62

