Page 66 -
P. 66

7.1.   Үйкеліс түрлері







                 Құрғақ                         Жылқы арба сүйрейді, мотоциклші жүріп келе жатыр, пойыз асығуда,
                 таяқшалардың                   кеме жүзіп келе жатыр, біз жерде жүрміз. Осы мысалдарда ортақ не
                 немесе тастардың               бар? Қозғалыс кезінде денелер бір-бірімен әрекеттеседі. Мотоцикл
                 бір-біріне үйкелісі            дөңгелектері асфальтпен беттеседі, жүру кезінде біздің аяқтарымыз
                   textbooks nis edu kz
                 арқылы от пайда                еденмен немесе жермен, пойыз дөңгелектері рельстермен беттеседі,
                 болады. Аяқ                    кемелер өзенмен жүзеді. Денелер беттесу кезінде үйкеліс пайда
                                                болады. Үйкелістің үш түрі бар:
                 киімнің табаны
                 немесе автокөлік

                 дөңгелектері                                        Үйкеліс күштерінің
                 үйкелістің әсерінен                                       түрлері
                 тез тозады.
                 Үйкеліс болмаса, не

                 болатынын болжа.
                                                      тыныштық             сырғанау            домалау
                                                       үйкелісі            үйкелісі            үйкелісі



                                                Үйкеліс түрлері

                                                ● егер дене тыныштықта болып тіреу бетімен жанасса, онда ты-
                                                   ныштық үйкелісі пайда болады;

                                                ● егер дене басқа бір дененің бетімен сырғанаса, онда сырғанау
                                                   үйкелісі пайда болады;
                                                ● егер дене басқа бір дененің бетімен домаласа, онда домалау
                                                   үйкелісі пайда болады.

                                                 ЗЕРТТЕУ   Егер қарындашты, фломастерді және қаламды суретте
                                                көрсетілгендей қойсақ, олармен не болатынын тәжірибе кезінде
                                                көрейік.















                                                 ЕСТЕ САҚТА!

                                                Үйкелістің бар болуынан тиіндер, орангутандар және аюлар ағашқа
                                                мінеді, әртүрлі құстар ағашта отырады және ағаш бойымен тырнақта-
                                                рымен көтеріледі. Жыртқыш аңдардың тырнақтары оларға қорек
                                                ұстауға және игеруге көмектеседі. Техникада үйкелістің қолданылуы
                                                қозғалып келе жатқан нысандарды тежеуге, тоқтауға мүмкіндік береді.

         66
   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71