Page 68 -
P. 68
7.2. Үйкеліс күші
Пирамидаларды Неге үйкеліс күші
салу кезінде көне пайда болады?
египеттіктер Төбешіктен түскен шаңғышы сәл
үлкен тастарды жүргеннен кейін, тоқтайды. Оның
textbooks nis edu kz
алыс қашықтыққа қозғалысына қарсы не әсер
қалай етеді? Бір дененің екінші дене
жылжытқан? үстінен қозғалу кезінде сырғанау
үйкеліс күші пайда болады, ол
қозғалысқа қарсы әсер етеді. Үй-
келістің пайда болу себептерінің
бірі — беттің кедір-бұдырлығы.
Суретте көрсетілген мысалды қа-
растырайық. Жұмысшылар қой-
мадағы жүкті бір орыннан екінші
орынға қозғалтып жатыр. Бір жұ-
мысшылар еденнің үстімен жүкті
итеріп жатса, екіншілері арбаның көмегімен тасып жатыр. Еденмен
итерген кезде сырғанау үйкелісі, ал арбамен тасыған кезде домалау
Көлбеу жазықтық бетімен үлкен
тастарды жылжытып келе жатқан үйкелісі пайда болады. Домалату әлдеқайда жеңіл, себебі беттер
египеттік құл-жұмысшылардың арасындағы үйкеліс күші аз. Сондықтан осы жұмысты бір жұмысшы
бейнесі
да істей алады. Еденмен итеру кезінде беттер арасындағы үйкеліс
күші артады, сондықтан осы жұмыспен екі жұмысшы айналысады.
Сонымен, сырғанау үйкеліс күші домалау үй-
келіс күшінен әлдеқайда көп.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
Осы екі әртүрлі үйкелісті салыстыр. Нысанды жермен сырғанатудың
орнына доңғалақ қолданып домалатудың мысалдарын келтір.
Үйкеліс күшін қалай азайтуға болады?
• жанасатын беттерді майлау арқылы;
• тегіс емес беттерді тегістеп, жылтырату арқылы;
• сырғанау үйкелісін домалау үйкелісіне алмастыру арқылы.
68

