Page 71 -
P. 71
Физика
Қорытқы немесе қорытқы күш деп денеге бірнеше күштің әсеріндей әсер ететін күшті айтамыз.
Егер денеге әсер ететін күштер бір жаққа бағытталса, онда қорытқы күш осы күштердің қосындысына
тең: F = F + F .
қ
1
2
Егер денеге әсер ететін күштер қарама-қарсы жаққа бағытталса, онда қорытқы күш осы күштердің
айырмасына тең: (F = F – F ).
қ
к
ү
Мысал қарастырайық. Екі жұмысшы шкафты бір бөлмеден екінші бөлмеге апару үшін екі жағынан
көтереді. Олардың әрқайсысы шкафты көтеру үшін 300 Н күшпен әсер етеді. Осы жағдайда қорытқы
textbooks nis edu kz
күш нешеге тең?
F
F
F = F + F
қ 1 2
Жұмысшылар тарапынан әсер ететін F және F күштерінің бағыттары бірдей жоғары.
1
2
Егер денеге әсер ететін күштердің бағыттары бірдей болса, онда қорытқы күш олардың қосындысына
тең: F =F + F .
2
қ
1
Екі жұмысшының қорытқы күштері: F = 300 Н + 300 Н = 600 Н.
қ
Сол мезетте шкафқа төмен бағытта гравитациялық күш әсер етеді. Шкаф массасы 60 кг, сондықтан
гравитациялық күш 600 Н-ға тең.
Егер денеге әсер ететін күштердің бағыттары қарама-қарсы болса, онда қорытқы күш олардың айыр-
масына тең (үлкен мәннен кіші мәнді азайтамыз): F =F үлкен – F кіші.
қ
Осы мысалда қорытқы күш F =600 Н – 600 Н =0 Н тең.
қ
Егер денеге әсер ететін күштердің мәндері бірдей, ал бағыттары әртүрлі болса, онда дене тыныштық
күйінде болады немесе бірқалыпты қозғалады. Осындай жағдайда қорытқы күш нөлге тең болады.
ЕСТЕ САҚТА! Қорытқы немесе қорытқы күш — шамасы денеге әсер ететін бірнеше бір бағыттағы
күштерге тең болатын күш.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Суретке қара. Динамометрдің көрсеткіші 3. Сабақ басындағы суретте біз арқан тартып жарысқан
неге өзгергенін түсіндір. 8 бала көрдік. Олардың күштері солдан оңға қарай сәй-
2. Массасы 200 г доп жіпке ілініп тұр. Де- кесінше 12 Н, 7 Н, 9 Н, 3 Н, 9 Н, 7 Н, 13 Н, 5 Н. Әр команда
үшін қорытқы күшті есепте. Қай команда жеңетіні және
неге әсер ететін күштердің векторларын олар қай бағытта қозғалатыны туралы шешім қабылда.
бейнеле және қорытқы күшті анықта.
71

