Page 86 -
P. 86

9.1.   Механикалық жұмыс.







                 Мая Манезаның                  Физикадағы жұмыс
                 зілтемір көтеруі               ұғымы
                 кезіндегі атқарған             Күнделікті өмірде біз жұмыс деп
                 жұмысы мен кеңсе               жұмысшының, инженердің, ғалым
                 қызметкерінің                  немесе оқушының т.б. кез келген
                   textbooks nis edu kz
                 атқарған                       қызметін жұмыс деп түсінеміз.
                 жұмысының
                 арасында                       Физикада «механикалық жұмыс»
                 айырмашылық бар                деп денені күш әсері арқылы қозғалысқа келтіруді айтады.
                 ма?                            Мысалы, пойыз қозғалтқыштың тарту күшінің әсерінен бір бекеттен

                                                екінші бекетке қарай қозғалса, механикалық жұмыс атқарылады. Сен
                                                есікке белгілі бір күшпен әсер етіп, есікті ашқан кезде, механикалық
                                                жұмыс атқарасың. Кейде механикалық жұмысты күш жұмысы деп
                                                атайды, яғни дене қандай да бір күштің әсерінен орын ауыстырады.
                                                Мынадай жағдайларда механикалық жұмыс атқарылмайды:

                                                1) күш әсер етпей дене инерция әсерімен қозғалған болса, мысалы,
                                                қозғалтқышы сөндірулі автокөліктің жүрісі;

                                                2) күш әсер етсе де, дене қозғалмаса, мысалы, ауыр шкафты орнынан
                                                қозғауға тырыссаң, бірақ шкаф жылжымаса;
                                                3) күш пен орын ауыстыру өзара перпендикуляр болған жағдайда,
                                                мысалы, сөмкені арқалаған оқушы. Сөмкеге әсер ететін ауырлық
                                                күші төмен бағытталады, ал сөмке оқушы арқасында горизонталь
                                                алға қарай қозғалады.



                                                    СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

                                                  1. Тұрмыста механикалық жұмыс атқарылатын және атқарылмайтын
                                                     жағдайларға бес мысал келтір.
                                                  2. Сенің ойыңша жасалған жұмысты есептеуге қандай параметрлер
                                                     қолданылуы мүмкін?




                                                 ЕСТЕ САҚТА!   Егер дене күш әсерінен қозғалса, механикалық жұмыс
                                                жасалады. Денеге әсер ететін күш және дененің жүрген жолы қанша-
                                                лықты көп болса, соншалықты көп механикалық жұмыс атқарылады.

                                                Механикалық жұмыс келесі теңдеудің көмегімен есептеледі:
                                                Механикалық  жұмыс  =  күш∙арақашықтық  немесе  A=F∙s
                                                ХБЖ жұмыстың өлшем бірлігі Джоуль (Дж) болып табылады,

                                                1 Дж = 1Н∙м.







         86
   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91