Page 90 -
P. 90

9.3.   Жұмыс пен қуатты зерттеу







                 Не себепті адамдар             Күнделікті өмірде біз жұмыстың әр түрін — шикізат өңдейтін ірі
                 баспалдақты емес,              зауыттың жұмысынан бастап шәй қайнататын шәйнектің жұмысына
                 жедел сатыны                   дейін — білеміз. Жұмыстың атқарылу қарқыны өте маңызды. Қуат
                 таңдайды?                      тек механикалық қозғалыста ғана емес, электр және жылытқыш
                   textbooks nis edu kz
                                                құралдарында және энергия берілудің барлық түрлерінде қолда-
                                                нылатын ұғым. Мысалы, дүкенде вакуум шаңсорғыштарды, аудио
                                                жүйелерді және басқалардың қуаты неғұрлым көп болса, соғұрлым
                                                көп қызмет етеді деп жарнамалайды. Бұл дұрыс па?

                                                Қуат неғұрлым көп болса, бел-
                                                гілі бір уақыт ішінде соғұрлым
                                                көп жұмыс атқарылады. Осы-
                                                лайша қуаты көп шәйнек суды
                                                тезірек  қайнатады.  Қуаты  көп
                                                шам жарығырақ жанады. Бірақ
                                                тағы бір жағынан  — қуаты көп
                                                құрал көбірек электр энергиясын
                                                тұтынады.

                                                 ЗЕРТТЕУ

                                                1.  Әртүрлі электр жылытқыштарын (қуаты төмен және қуаты жоғары)
                                                   қолдана отырып, электр энергиясы, уақыт пен температура ара-
                                                   сындағы өзара байланыс түсінігін дамыту үшін зерттеу жұмысын
                                                   жоспарлап өткіз. Бұл тәжірибені орындау үшін нені ескеру керек?
                                                   Жылытқыштың атқарған жұмысы туралы не айта аласың?

                                                2.  Әртүрлі электр шамдарын (қуаты аз және қуаты көп) қолдана
                                                   отырып, электр энергиясы мен шам жарықтығы арасындағы өзара
                                                   байланыс түсінігін дамыту үшін зерттеу жұмысын жоспарлап өткіз.
                                                   Бұл тәжірибені орындау үшін нені ескеру керек? Шам қылындағы
                                                   электр тогының немесе флуоресцент шамындағы газдың атқарған
                                                   жұмысы туралы не айта аласың?

                                                 ТАПСЫРМА   Көліктің қай түрінің қуатты екендігі туралы сыныптаста-
                                                рыңмен талқыла. Әр көлік түрінің қуатын шамала және салысты-
                                                рып талдау жаса.



















         90
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95