Page 91 -
P. 91

Физика

             ТАПСЫРМА   Бөшке  суға  толы.  Қайсар  шелекпен  бөшкедегі  судың   СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
            тең жартысын төкті, ал қалған жартысын Марат төкті. Қайсар мен
            Марат жеке-жеке алып қарағанда бірдей көлемдегі жұмыс атқарды       Адамның миы сергек кезінде
            ма? Бұл тапсырманы орындауға екеуі бірдей уақыт жұмсаған бол-       шамамен 25 Ваттқа тең энергия-
                                                                                ны пайдаланады. Бұл кішкентай
            са, олардың қуаттары туралы не айтуға болады?                       шамды жандыруға жетеді. Біз
                                                                                бұл энергияны қайдан аламыз?
             ЗЕРТТЕУ   Әрбір қадамға жұмсалған уақытты жаза отырып, белгілі
                   textbooks nis edu kz
            бір биіктікке жүкті көтеретін қозғалтқыштың қуатын зертте.

            1.  Қозғалтқыштың қуаты оның көтеру биіктігіне тәуелді ме? Жұм-
               салған уақытқа тәуелді ме?

            2.  Өлшеулер мен есептеулер нәтижесін кестеге толтыр. Алынған
               мәліметтерді қолдана отырып, атқарылған жұмыстың жұм-
               салған уақытқа тәуелділігі графигін сал.
            3.  Қуатқа әсер ететін факторлар туралы қорытынды жаса


             ҚОСЫМША   Қозғалтқыш қуатының артуы жалпы үрдіске қалай әсер
               етеді?




                СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР


              Қозғалтқыштың тарту күші мен мәши-
              не жылдамдығы арасындағы байланыс           3500
              зерттелді. Алынған мәліметтерден график     3000
              тұрғызылды.

              a)  Жылдамдықтың  әрбір  мәні  үшін         2500
                 қозғалтқыштың қуатын анықта.          Тарау күші, Н  2000
              ә) Мәліметтер әрбір 10 с сайын есепке       1500
                 алынғандығын ескере отырып, қозғалт-
                 қыш  жалпы  атқарған  жұмысының          1000
                 көлемін анықта.                           500
              б) Жауабыңды түсіндір.                       0
                                                                 2       4       6      8       10      12
                                                                                          Жылдамдық, м/с




























                                                                                                                 91
   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96