Page 97 -
P. 97

Физика
            Механикалық жұмыс түріндегі энергия

            Көлік құралдарына қозғалуы үшін жанармай керек. Көптеген ойын-
            шықтар батарея энергияларын қолданады. Адамдарды ғимараттың
            әртүрлі қабаттарына жеткізетін лифт электрдің әсерінен жұмыс істей-
            ді; адамдар энергиясын сақтау үшін тамақтанады. Денені қозғалысқа
            келтіру үшін және механикалық жұмыс атқару үшін энергия берілу
                   textbooks nis edu kz
            керек. Энергияны сақтау мен тасымалдаудың басқа да әртүрлі тәсіл-
            дері бар. Біз оларды 10.3 бөлімде тереңірек қарастыратын боламыз.


            Энергияның сақталуы

            Ең бастысы, сендер энергияның ешқайда жоғалмайтындығын есте сақтауға тиіссіңдер. Энергия «жоқтан»
            пайда болмайды және жоғалып кетпейді, ол тек белгілі бір уақытта әртүрлі болып сақталады. Мысалы,
            қазба отын біз оны жағып жібергенге дейін химиялық энергияны сақтайды. Бұл химиялық энергия кейін
            жарық пен жылу (жылу энергиясы) түрінде беріледі. Содан кейін бұл жарық пен жылуды басқа мақ-
            саттарымызға (мысалы, электр энергиясын өндіру, үйді жылыту және т.б.) пайдалана аламыз. Пайдалы
            мақсаттарға қолданылмайтын энергия қоршаған ортаға (ауа, айналадағы заттар) беріледі және оларды
            температурасын арттыра отырып жылытады. Бірақ ең бастысы, қазба отынның жануынан жинақталған
            барлық энергия беріледі немесе түрленеді — ЖОҒАЛМАЙДЫ! Егер бір дене белгілі бір мөлшерде
            энергия бөліп шығарса, басқа денелер тура сонша мөлшерде энергия алады. Бірақ әр дене энергияны
            әртүрлі мөлшерде алуы мүмкін. Мысалы, көмір жанғанда энергия бөлінеді, оны қоршаған ортаға тура
            сол мөлшердегі энергияны жылу түрінде, жарық  және дыбыс энергиясы түрінде алуы мүмкін.


            Энергия берілуін көрнекілендіру                            Электр энергиясы 3 Дж

            Энергия берілуді Санкей диаграммасы бойынша                                              Жарық
            графикалық түрде салып көрсетуге болады.                Электр энергиясы                 энергиясы
                                                                    100 Дж
                                                                                                     75 Дж
            Санкей диаграммасы кіріс пен шығыстағы энергия
            санын, олардың қалай және қайда түрленгендерін көр-
                                                                                         Жылу энергиясы
            сетеді. Бағдаршалардың қалыңдығы берілген энергия                            22 Дж
            санына тура пропорционал.                               Жарықтандыру прибор жұмыс істеген кездегі
                                                                    энергияның түрленуі
             ТАПСЫРМА
            1.  Санкей диаграммасын зертте және қандай энергия берілу түрлерін көріп тұрғаның жөнінде талқыла.
               Тірек ұғымдарды қолдана отырып, түрленулерді дәптерге жаз.
            2.  Энергияның қандай түрленулері пайдалы, ал қайсысы жоғалуға алып келеді?

             ТАПСЫРМА   Айналаға қара, сынып бөлмесінде қандай денелер энергия тұтынады? Олар энергияны
            қайдан алады және қалай тұтынатындығы туралы талда. Үш әртүрлі нысан үшін Санкей диаграмма-
            сын сыз. Энергия берілу пайызын шамала.


                СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

              1.  Күн Жерге өз энергиясын қалай береді деп ойлайсыңдар? Сипаттау барысында тірек ұғымдарды және
                 берілген бөлімдегі зерттелген идеяларды пайдаланып көр.
              2.  Қосылып тұрған теледидардың кіріс энергиясы секундына 900 Дж-ға тең. Берілу барысында энергияға
                 не болатындығын сипатта.

              3.  Ересектердің күніне 85 000 Дж энергия шығындайтындығы ғылымда дәлелденген. Не себепті адамдарға
                 осынша көп энергия қажет?
                                                                                                                 97
   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102