Page 98 -
P. 98
10.2. Энергия берілу
Қыздыру Жиналған энергияның берілуі
шамын өндіру, Мұнай, газ және көмір сияқты қазба отын түрінде сақталатын химиялық
Қазақстанды энергия жанғанда жылу мен жарық ретінде бөлінеді. Жылу электр
қоса алғанда, стансыларында өндірілген энергия суды жылыту және буландыру үшін
textbooks nis edu kz
бүкіл әлемде қолданылады. Бұл бу электр генераторларын (механикалық энергияны
тоқтатылды. электр энергиясына айналдыруға арналған құрылғылар) қозғалысқа
Не себепті деп келтіреді. Генераторлар өндірген электр энергиясы халықтың қажеттілі-
ойлайсың? гін өтеу мақсатында еліміздің түкпір түкпіріне жеткізіледі. Жылу электр
стансыларында жанармай жанғанда ол толығымен электр энергиясына
айналмайды: жылудың бір бөлігі қоршаған ортаны жылытып, ауаға
таралады. Сонымен қатар, мұндай стансылар өте шулы, ал шудың өзі
энергиядан тұрады, ол жанармайдың жану нәтижесінде туындайды.
Сөйтіп, жану нәтижесінде пайда болған жылудың электр энергиясына
айналған бір бөлігі ғана пайдалы болады. Шуға және ауаға кеткен
жылу пайдасыз энергия болып табылады.
Басқа мысалды қарастырайық. Қозғалу үшін көлікке отын қажет. Жа-
нармай жануының нәтижесінде қозғалтқышты іске қосатын жылу энер-
гиясы көп мөлшерде бөлінеді. Мұнда да энергияның босқа кетуі орын
алады, себебі қоршаған ортаға оны жылытатын энергия таралады
(автокөліктің капоты астында әрдайым жылы болады). Басқа мысал-
дар: қыздырылған кезде қоршаған ортаға жылу бөлетін тоқ шәйнек
(розеткадан шығатын энергия шәйнектегі суды қыздырып қана қоймай,
шәйнектің өзін, шәйнектің айналасындағы ауаны және т.б. жылытады)
немесе жұмыс механизмінің бөліктері арасында туындайтын үйкеліс.
Әрине, май немесе майлайтын материалды жағып, үйкелісті азайтуға
Автокөлік қозғалтқышының жұмыс болады, бірақ оны толықтай жою мүмкін емес. Кейде үйкеліс шамадан
барысындағы жылулық бейнесі. тыс қыздырады, бұл да энергияның жоғалуына әкеледі.
Энергия берілудің пайдалы әсер коэффиценті (ПӘК)
Энергия бөлетін, жұмыс орындайтын, айналаны жарықтандыратын механизмдердің (құралдар, құрылғы-
лар) негізгі сипаттамасы - пайдалы әсер коэффициенті (қысқаша ПӘК). ПӘК механизм жұмысты қан-
шалықты тиімді орындайтынын, яғни өндірілген энергияның қаншасы пайдалы және қаншасы зая
кететінін көрсетеді.
Диаграммада сұйық отынмен жұмыс
істейтін қозғалтқыштың мүмкін 100%
болатын барлық энергия шығындары Отын энергиясы 65%
бейнеленген. Шығын жанбаған отын, Жылу энергиясы
салқындаған жүйені жылыту салдарынан (жоғалған энергия)
туындайды. Сонымен қатар ішкі түйіндер
арасындағы үйкеліске байланысты
механикалық шығын тағы бар. Санкей
диаграммасы әртүрлі энергия берілуді 1% 2% 7% 25%
көрсетеді.
Қозғалыс энергиясы
Дыбыс энергиясы Жарық энергиясы Ішкі үйкеліске
жасалынған жұмыс
98

