Page 96 -
P. 96
10.1. Энергия ұғымы
Күн Жерге жарық Энергияны қолдану
береді және
оны жылумен Күнделікті өмірде «энергия» сөзін жиі кездестіреміз. Біз өзімізді
қамтамасыз етеді. «энергияға толы» сезінсек жүгіреміз және шаршағанға дейін көңіл
көтере бастаймыз. Әдетте «энергия» сөзі көліктің, тұрмыстық құрал-
textbooks nis edu kz
Бұл қалай жүзеге дардың және зауыттардың жұмысымен байланысты. Барлық тұрмыс
асады? Энергия құралдары электр энергиясының арқасында жұмыс істейді. Көлік
Күннен Жерге құралдары жанармай қамтамасыз ететін энергияны тұтынады, ал
қалай беріледі? адамдар тамақ пен сусын ішу арқылы энергиясын толықтырады.
Адамдар өз үйлерін Енді осы энергия ұғымы нені білдіретіндігін нақтырақ қарастырайық.
қалай жасанды ТАПСЫРМА Әдетте «энергия» сөзімен қандай сөздерді байланыс-
түрде, шам мен тырасың? Сен бұрыннан білетін сөздер арқылы ментальды карта
оттың көмегімен құрастыр.
жарықтандырды
және жылытты? Жарық түріндегі энергия
Күн мен шамның Біз барлық өмір бойында қолданылатын жарық энер-
энергия беруінің гия тасымалдаудың бір түрі. Күн жарықтың табиғи көзі
арасында қандай болып табылады. Бірақ біз тәуліктің Күн бізге жарық
ұқсастықтар мен бермейтін уақытында да жарықты керек етеміз.
айырмашылықтар Электр түріндегі энергия
бар? Электр әртүрлі жолдармен өндірілуі мүмкін. Әдетте біз электр энер-
гиясын әртүрлі электрстансылардың немесе аккумуляторлардың
көмегімен энергияның басқа түрлерінің түрленуі арқылы өндіреміз.
Электр энергиясы жоғары вольтты металл өткізгіштер арқылы
беріле алады. Біз электр тізбектерін электр энергиясын пайдалы
қажеттіліктерге жарату үшін: теледидар, радио, компьютер қосуға не-
месе біздің ұялы телефондарымызды қуаттандыруға қолдана аламыз.
Жылу түріндегі энергия (жылу энергиясы)
Жылу да энергия тасымалдаудың бір түрі; біз оны тамақ даярлау
үшін, суықта жылыну үшін қолданамыз. Біз үйді жылыту үшін отын
пайдаланамыз. Сонымен қатар Күннен жылу аламыз. Қазылып
алынған отын электр стансыларында электр энергиясын өндіру
үшін қолданылады.
Химиялық энергия
Тірі ағзаларға өсу мен тұрақтылық үшін энергия қажет. Өсімдіктер
жарық энергиясы мен топырақта химиялық қоректік заттар болмаса
қурайды. Адамзат пен жануарлар өсімдіктер мен басқа жануарларды
азық ретінде пайдаланады; ас қорыту үрдісі осы азықтан энергия
алуға мүмкіндік береді. Өсімдіктер энергияны фотосинтез арқылы
алады.
96

