Page 10 -
P. 10
1.3. Элементтер және қосылыстар
textbooks nis edu kz
Неліктен оттекті Сендер элементтердің бір атом түрінен тұратынын білесіңдер.
тіршілік үшін • Көптеген элементтер жай зат түрінде жеке атомдардан тұрады,
маңызы зор сондықтан оларды біратомды деп атайды. Біратомды элементке
элемент деп мысал ретінде ауа құрамында кездесетін аргонды қарастыруға
санайды? • болады.
Басқа элементтерде атомдар өзара байланысып, молекула түзеді.
Газтәрізді оттекте және азотта молекулалар екіатомды, яғни әрбір
молекула екі атомнан тұрады.
• Кейбір элементтер құрамында атом саны екіден көп молекуладан
тұрады. Олар көпатомды деп аталады. Мысалы, күкірт молекуласы
сегіз атомнан тұрады. Графит мыңдаған көміртек атомынан
тұратын макромолекула болып табылады.
1-тапсырма
«Моно-» және «ди-» деген сөзалды қосымшалары нені білдіреді?
Р молекуласының дұрыс аталуы қандай?
4
Аргон – Оттек – Октакүкірт Графит
біратомды екіатомды
молекула молекула
Кейбір элементтер
молекулаларының модельдері
Түрлі элементтердің атомдары өзара бірігіп қосылыстар түзеді. Ең маңызды қосылыстардың мысалы
ретінде суды қарастыруға болады. Су таза зат ретінде тұрақты құрамға және өзіне тән қасиеттерге ие. Су –
элемент емес, қосылыс. Оны электр тогының көмегімен газтәрізді сутек пен оттекке бөлуге болады. Судың
әрбір молекуласы бір атом оттек пен екі атом сутектен тұрады.
Сутек Оттек Су
молекулалары молекуласы молекулалары
Сутек пен оттектен судың түзілуі
10

