Page 56 -
P. 56
6.3. Кеннен металдарды алу
textbooks nis edu kz
Қалай ойлайсыңдар, 1-тапсырма
сендердің смартфон- Шикізат үрлейтін (домна) пеште қандай химиялық үдерістер
дарың қандай ме- жүреді? Сипатталған реакциялардың теңдеулерін сөзбен жазыңдар.
талдан жасалған? 2-тапсырма
Темір бағанның жемірілуге тұрақты болу құпиясы қандай?
Қара металлургия – өнеркәсіпте темір алу және оның құймала-
рын өндіру. Шикізат ретінде темір кені мен қосымша материалдар:
кокс, ауа, флюс (әктас, доломит) қолданылады. Домна пешіндегі
химиялық реакциялар шикізат үрлейтін пештегі реакцияларға
ұқсайды. Қайта өңделген шойын болат өндіруге жұмсалады:
құйылған шойын поршень, тістегеріш (шестеренка), автомобиль
бөлшектерін; легирленген шойын бу қазандарын, пеш плиталарын,
газ-турбина қондырғыларын жасау үшін қолданылады.
1-күрделі тапсырма
Домна пешінде қандай химиялық реакция жүреді? Осы реакция
теңдеуін сөзбен жазыңдар.
Зерттеңдер
Осы үдерісті натрий карбонатына, сосын темір (ІІІ) оксидіне
батырылған сіріңкені қолданып зерттеуге болады. Сіріңкені жаққан
соң магнитті пайдаланып, темірді анықтауға болады. Бұл реакцияда
көміртек қандай рөл атқарады?
3-тапсырма
1865 жылы орыс металлургы Николай Бекетов металдарды
олардың оксидтерінен алюминий арқылы алу әдісін ұсынды. Бұл әдіс
қазір алюминотермия деп аталады.
Сендер білесіңдер ме? Алюминий ұнтағы мен темір (ІІІ) оксидін араластырыңдар. Мұндай
қоспа термитті қоспа деп аталады. Осы қоспаны отбақырашта
(тигель) жағыңдар. Алюминий оксиді мен темір металы түзіледі.
Үндістанда ежелгі ше-
Осы қоспадан темірді қалай бөліп алуға болады? Химиялық реакция
бер-лер «булат» деп атала-
теңдеуін сөзбен жазыңдар.
тын болатты ала білген. Қы-
тайда «дамаск» деп атала-
тын болатты алған. Жапони- Қыздырғыш аспаптармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік
яда самурайлардың «катан» техникасының ережелерін сақтаңдар. Қорғағыш көзілдірік
деп аталатын қылышын бо- киіңдер!
латтан жасаған. Темірді алу
Орындаңдар
үшін кенді ағаш көмірімен
араластырып, шикізат үр-
лейтін пешке салған. Қыз- 1. Термитті қоспаны не үшін өртеу керек?
дырылған пештегі көміртек 2. Термитті қоспаны өртеу кезінде алюминийде қандай өзгеріс
ауадағы көміртекпен ғана болады?
емес, кендегі темір окси- 3. Темірдің түзілу реакциясының теңдеуін сөзбен жазыңдар.
дінің құрамындағы оттекпен
де қосылды. Пеште «кри-
ца» – көміртек және басқа
элементтердің қоспасы бар 2-күрделі тапсырма
темір кесегі алынады. Егер темір оксидінің орнына маргенец оксидін қолданса қандай
өнім алынады? Осы реакция теңдеуін сөзбен жазыңдар.
56

