Page 57 -
P. 57

4-тапсырма
               Мысты зергерлік заттар жасауда қолданылатын әдемі жасыл тастан – малахиттан                        ХИМИЯ
            алады. Малахитті қыздырған кезде үш өнім: су, көмірқышқыл газы және мыс (ІІ) оксиді
                  Алюминий оксиді → алюминий + оттек nis edu kz
            түзіледі.
            1.  Реакция кезінде қандай өзгерісті көруге болады?
            2.  Реакция  өнімдері:  көмірқышқыл  газы,  су  мен  мыс  (ІІ)  оксидінің  бар  екенін  қалай
               дәлелдеуге болады?
            3. Сәйкес реакциялардың теңдеулерін сөзбен жазыңдар.
               Егер метанды немесе таза сутекті қыздырылған мыс (ІІ) оксиді арқылы өткізсе, бос
               мыс  түзіледі.  Мыс  (ІІ)  оксидінен  алынған  оттек  пен  сутек  әрекеттескен  кезде  не
               түзіледі? Түзілген өнімді қалай дәлелдеуге болады?
               5-тапсырма
               Қазақстан  дүниежүзілік  нарыққа  хром  шығарудан  2-орын,  ал  көміртекті  болат
            өндіруден 31-орын алады. Қазақстандағы кендерден қандай қара және түсті металдар
            алатынын  зерттеңдер.  Кендер  мен  металдардың  тізімін  жасап,  Қазақстанның
            дүниежүзілік өндірістегі рейтингін бағалаңдар.

               Орындаңдар


              1.  Табиғатта  көптеген  металдар  оксидтер  немесе  сульфидтер  түрінде  кездеседі.  Мынадай  кендер:
                 қорғасын сульфиді, мыс сульфиді, алюминий оксиді қандай заттар типіне жататынын анықтаңдар:
                 a)  элемент;   ә)  сұйықтық;              б)  қосылыс;  в)  газ.
        textbooks
              2.  Кеннен металл алу кезінде оттекті немесе күкіртті алып тастау керек. Мынадай сызба бойынша
                 алюминий оксидінен алюминийді алу кезінде қандай зат типі түзіледі?

                 a)  элемент (жай зат);    ә)  сұйықтық;   б)  қосылыс;  в)  газ.

              3.  Мысты мыс оксидінен немесе сульфидінен алуға болады. Мыс сульфидін ауада қыздыру кезінде
                 мыс (ІІ) оксиді немесе күкірт диоксиді түзіледі. Мыс (ІІ) оксидін пеште көміртекпен қыздыру кезінде
                 мыс пен көміртек диоксиді түзіледі.
                 Мысты мыс (ІІ) оксидінен немесе сульфидінен алу реакциясының теңдеуін сөзбен жазыңдар.
              4.  Мыс өндіру кезінде қандай экологиялық проблемалар туындауы мүмкін екенін болжаңдар.




































                                               Делидегі (б.з.д. IV—V ғғ.) биіктігі 7 метр, салмағы 6,5 тонна темір
                                               бағана. 1600 жылдан бері жемірілуге (коррозия) ұшырамаған.

                                                                                                                 57
   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62