Page 62 -
P. 62
7.1. Ерітінді түрлері
textbooks nis edu kz
Өзен суынан Табиғи ортада суда натрий, калий, кальций, магний, темір
ауызсу алу үшін металдарының тұздары, сондай-ақ көмірқышқыл газы, оттек және
не істеуге болады? көптеген басқа заттар еріген күйде болады.
Адам, жануар және өсімдік жасушаларының құрамында да тұздар
немесе көмірсулар сияқты көптеген заттардың сулы ерітінділері
болады.
Күнделікті өмірде және медицинада адам қоспаларды: заттардың
судағы, кейде спирттегі немесе сіркесудағы ерітінділерін қолданады.
Сонымен қатар майонез немесе бор сияқты әртекті қоспалар да
пайдаланылады.
Тапсырма
Қалай ойлайсыңдар, қоспа мен ерітінді арасында қандай
айырмашылық бар?
Бор ұнтағын суға араластырамыз. Алынған қоспа суспензия деп
аталады. Суспензияда қатты зат бөлшектері сұйықтықта қалқып
жүреді. Кейбір антацидтер суспензия болып табылады. Майонез
дайындау үшін сұйық майды сумен шайқап араластырасыңдар. Осы
кезде ақшыл бұлыңғыр сұйықтық түзіледі. Майонез – эмульсия деп
аталатын сұйықтықтың сұйықтықтағы қоспасы.
Банкаға тұздығымен бірге Ас тұзының аздаған мөлшерін суға араластырамыз. Сол кезде
жабылған қияр, қызанақ, кәді
ас тұзының молекулалары суда біркелкі таралады. Ас тұзының
бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейді. Бұл қоспа жабық
ыдыста ұзақ уақыт тұрса да бөлінбеуі мүмкін. Ол қоспаны суды
буландырып, бөлуге болады. Осы қоспа ас тұзының сулы ерітіндісі
деп аталады. Ерітінділер – еріткіш пен еріген заттан тұратын
гомогенді жүйелер.
Ауыз су да ерітінді болып табылады, бірақ біз тұз бөлшектерін
көре алмаймыз.
Сендер білесіңдер ме?
Адамның көз жасы ағзадағы әртүрлі тұздардың ерітіндісі
болып табылады.
Тұрмыстық химия Медициналық дәрілер дистилденген суда ерітіледі.
Ерітінділер еріген зат мөлшеріне байланысты жіктеледі. Еріген
зат мөлшері аз ерітінділер қанықпаған деп аталады. Ал заттар енді
берілген температурада ерімейтін ерітінділер қаныққан деп аталады.
Мысалы, 20 С температура кезінде 100 г суда ең көбі 204 г қант, 36 г ас
0
Калий перманганатының ерітінділер деп аталады. Ерекше жағдайда қаныққан ерітіндіде еріген
тұзы еруі мүмкін. Мұндай ерітінділер осы температурадағы қаныққан
заттан көп зат еруі мүмкін. Бұл ерітінділер аса қаныққан деп аталады.
судағы ерітіндісі
Глюкоза Судағы май эмульсиясы Бордың судағы суспензиясы
62

