Page 71 -
P. 71

Ядро құрамында екі түрлі бөлшек бар: оң
            зарядталған  протондар,  сондай-ақ  заряды                 Электрон                                   ХИМИЯ
            жоқ  бөлшектер  –  нейтрондар.  Нейтрон
            массасы  протон  массасына  тең.  Ал  электрон
            массасы  протон  массасынан  1830  есе  аз
            болады.  Сондықтан  атомның  бүкіл  массасы
            ядрода шоғырланған.
               Атом  ядросының  заряды  протон  санымен
            анықталады,  ол  элементтің  реттік  нөмірімен
            сәйкес келеді.
                                                                 Нейтрон
               2-тапсырма
                                                                 Протон
               Атомдар бейтарап бөлшектер болып табы-         Электрондарedu kz
            лады. Егер атомда 9 протон болса, электрон-
            дар саны қанша болады? Жауаптарыңды түсін-
            діріңдер.
               Химиялық  элементтер  бір-бірінен  ядрода
        textbooks nis
            орналасқан протон саны бойынша ерекшеле-          Протондар
            неді. Әрбір элемент таңбамен белгіленеді. Хи-
            миялық  таңба  химиялық  элементтің  латынша      Нейтрондар    Ядро
            атауының  бірінші  әрпінен  түзілген.  Егер  сон-
            дай әріппен басталатын тағы бір элемент бол-
            са, онда бірінші әріпке тағы бір әріп қосылады.
            Мысалы:


               сутек        Н      (Hydrogenium)
               сынап        Hg     (Hydrargyrum)
               фосфор       P      (Phosphorus)
               қорғасын     Pb     (Plumbum)



              Орындаңдар

              1.  Берілген элементтердің таңбаларын жазыңдар:
                 a)  күкірт;   ә)  фтор;     б)  литий;   в)  кремний;
                 г)  кальций;  ғ)  калий;    д)  аргон.
              2.  Қазақстан астанасының атауында қандай элементтердің таңбалары кездеседі?
              3.  Берілген сөйлемдердегі бос орындарды толтырыңдар.
                 A. Атом ортасында оң зарядталған ……..бар.
                 Ә. Ядрода ...... (заряды жоқ бөлшектер) және ...... .. ( заряды +1 бөлшектер)... .
                 Б.  Ядро … шағын көлемін алып жатыр.
                 В.   …..ядроны айналып жүреді.
                 Г.  Нейтрон массасы протон массасына ... .




























                                                                                                                 71
   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76