Page 70 -
P. 70
8.1. Атом құрамы
textbooks nis edu kz
Заттың ұсақ Химиялық элементтердің әртүрлі атомдардан тұратынын
бөлшектері туралы білесіңдер.
не білесіңдер? Атом дегеніміз не? Ол неден тұрады?
Атом дегеніміз – химиялық элементтердің химиялық бөлінбейтін
майда бөлшектері. Атом өте кішкентай болғандықтан біз оларды
көрмейміз. Атомдар ғаламдағы барлық заттардың, тіпті вирустардың
да, ең кішкентай тіршілік иелерінің де құрылыс блоктары болып
табылады.
Химиялық реакция барысында молекулалар бір-бірімен
қосылып, жаңа зат түзетін атомдарға бөліне алады. Ғылым әлемінде
атомдардың қатысында жүретін үдерістерді нақты көріп, түсіну үшін
олардың моделін жасау керек.
Су молекуласы – судың негізгі химиялық қасиеттеріне ие ең
кішкентай бөлшегі. Ол сутек және оттек атомдарынан тұрады.
Химиялық айналу кезінде су молекулалары сутек және оттек
Оттек молекуласы атомдарына ыдырайды. Сосын бұл атомдар басқа заттардың
молекулаларына айнала алады.
1-тапсырма
1. Оттек, сутек, су, көміртек диоксиді, күкірт және сутек сульфидінің
(H S) атомдары мен молекулаларының моделін құрастырыңдар.
2
Тапсырманы орындау үшін ермексаз бен сіріңке шиін немесе түр-
лі түсті қағаз бен сымды пайдаланыңдар.
2. Өз модельдеріңді суретке түсіріп алып, оларды не үшін осылай
құрастырғандарыңды түсіндіріңдер. Жауаптарыңда жеке атомдар
мен молекулалардың айырмашылықтарын көрсетіңдер.
Сутек молекуласы Зерттеңдер
Пластикалық қалта жолағын киімге үйкеп алып, майда қағазға
жақындатса не болады?
Физика курсынан теріс зарядталған бөлшектердің электрон деп
аталатынын, олардың тез қозғалатынын және пластикалық жолақты
қалдыратынын білесіңдер. Сондықтан пластикалық заттар ұсақ
қағаздарды тартады.
1911 жылы ағылшын физигі Эрнест Резерфорд жүргізген
эксперимент нәтижесінде атомның ортасында ядро болатынын
анықтаған. Ол теріс зарядталған электрондармен қоршалған.
Бұл модель нені еске түсіреді? Оған қандай атау берер едіңдер?
Өз жауаптарыңды негіздеңдер.
Су молекуласы
70

