Page 74 -
P. 74

8.3.   Изотоптар





        textbooks nis edu kz
                 «Ауыр» су                         Ойланыңдар
                 дегеніміз не?                     Сутек изотоптарының бір-бірінен айырмашылығы неде? Олардың
                                                атауы неге тәуелді?
                                                   Диаграммаға қараңдар. Диаграммада әртүрлі үш атом көрсетілген.
                                                Ол үш атом да сутек болып табылады. Оларды изотоп деп атайды.
                                                Сутек изотоптары – атаулары бар жалғыз изотоптар.
                                   e    1e
                                                   Егер  екі  атомның  ядро  зарядтары  бірдей,  бірақ  массалық  саны
                                                әртүрлі болса, оларды изотоптар деп атайды. «Изотоп» деген «бір
                                                орынды  алатын»  деген  мағынаны  білдіреді.  Оттек  изотоптары:
                             p                  оттек-16  және  оттек-17.  Олар  химиялық  элементтердің  периодтық
                                                жүйесінде  бір  ұяшықта  орналасады.  Ғалымдарға  белгілі  изотоптар
                              1 p               саны  шамамен  2  мыңға  жуықтады.  Олардың  ішіндегі  шамамен
                                                300  изотоп  тұрақты  және  табиғатта  бар.  Табиғатта  шамамен  21
                                                элементтің  біреуден  ғана  изотопы  бар.  Мысалы,  бериллий,  фтор,
                                                натрий, алюминий, фосфор, алтын.
                           1                       Көптеген  элементтер  Жер  бетінде  изотоптар  қоспасы  түрінде

                            1  H                кездеседі.
                                                     Мысалы,  Жезқазғандағы  (Орталық  Қазақстан)  мыс  қорына  бай
                      Сутек изотопы –           кен орнындағы кен құрамындағы изотоптар қатынасы:
                                                         65
                                                   63
                      протий таңбасы                 Cu : Cu = 75% : 25%
                                                   3:1  қатынасы  мыстың  табиғи  қосылыстарының  барлығында
                                                сақталады.
                                                   Егер  Чили  немесе  Замбиядағы  мыс  қорына  назар  аударсақ,
                                   e   1e       изотоптардың  осындай  қатынасын  анықтаймыз.  Бұл  изотоптардың
                                                Жер ғаламшарымен бірдей уақытта қалыптасқанын көрсетеді.
                                                   Изотоптар үшін протон саны мен массалық санды былай белгілейді:
                                                 О және  О. Элементтердің көбісінде екіден, үштен тұрақты табиғи
                                                16       17
                           p n                  изотоп болады.
                                                   1-тапсырма
                           1 p+1 n
                                                   Оттектің  екі:  О  және  О  изотопы  ядросының  құрылысының
                                                                16        17
                                                сызбасын сызыңдар. Оларды салыстырыңдар.
                                                   2-тапсырма
                                                   Келесі диаграммада құрамында қарапайым сутек (Н) болатын су
                            2 H                 молекуласы көрсетілген. Бірақ «ауыр су» қажет болса, сутек атомының
                            1                   (протий) орнына дейтерийді немесе тритийді қолдану қажет.
                       Сутек изотопы –          1.  Берілген изотоптарды қолдана отырып, судың қанша түрін алуға
                      дейтерий таңбасы             болады?
                                                   A. Сутек (протий).
                                                   Ә. Дейтерий.
                                                   Б.  Тритий.
                                                   Олардың модельдерінің суреттерін салыңдар.
                                   e
                                       1e
                           n n                  2.  Берілген  су  формаларының  қайсысы  ең  ауыр  болады?  Себебін
                                                   түсіндіріңдер.
                             p


                           1 p+2 n





                            3
                             1 H
                       Сутек изотопы –
                       третий таңбасы
                                                                                        Чилидегі мыс кен орны
         74
   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79