Page 66 -
P. 66
7.3. Кристалдар
қиыршықтары түскен кезде байқауға болады. kz
Өздерің көрген ең Қатты минералдар әлемі – ерекше геометриялық пішіндері бар
әдемі кристалдарды түрлі түсті ғажайып кристалдар. Кристалдардың пішіні көбінесе әр-
атаңдар. түрлі дұрыс көпжақты дене болып табылады. «Кристалл» сөзі гректің
«мұз» деген сөзінен шыққан. Кристалдардың ішінде асыл тастар
ерекше орын алады. Ерте кезден бастап бриллиант, рубин, сапфир
textbooks nis edu
немесе зүбәржаттың (изумруд) әдемілігі адамдарды таңғалдырған.
Кристалл қырына түскен жарық шағылысып, жылтырайды
және жарқырайды. Осындай құбылысты ауа райы ашық күні қар
Кристалдар өздерінің дұрыс пішінін сақтайды. Кристалдардың
осы қасиетін алғаш рет француз ғалымы Р.Ж. Гаюи байқаған. Ол
кристалдардың ішкі құрылымы симметрия заңдарына бағынатынын
болжады: әрбір кристалдың өзіне тән кристалдық торы болады.
Зүбәржат Кристалдардың әдемі геометриялық пішіні кристалдық тор пішініне
тәуелді.
Кристалдарды зерттеумен айналысатын ғылым кристаллография
деп аталады.
Зерттеңдер
Әртүрлі заттардың: кварц SiO , күкірт S, флюорит СаF кристалдарын
2 2
лупамен қараңдар. Кристалдардың қандай пішіндерін көргендеріңді
сипаттаңдар.
Ас тұзы Заттық шыныға мыс сульфатының аздаған мөлшерін салып, суалту
үшін түні бойы қалдырыңдар. Осылай натрий хлоридін де қойыңдар.
Дәптерлеріңе кесте сызып алып, алынған кристалдардың суретін
салыңдар.
Алмаз
Мыс купоросы
Кальцит
Сендер білесіңдер ме?
Қар қиыршығы мен брил-
лиант ұқсайды, себебі олар-
дың екеуі де кристалл болып
табылады.
66

