Page 83 -
P. 83

2-тапсырма
               Сілтілік  металдардың  сумен  әрекеттесуінің  көрнекі  тәжірибесін  қараңдар.                      ХИМИЯ
            Өз  бақылауларыңды  жазыңдар  және  металдарды  белсенділігіне  қарай  топқа
        textbooks nis edu kz
            орналастырыңдар. Неліктен оларды Д.И. Менделеев бір топқа орналастырды?
               Күрделі тапсырма
               Д.И. Менделеев периодтық кестеде элементтерді атомдық массаларының өсу реті
            бойынша орналастырды. Бірақ ол кейбір ұяшықтарды бос қалдырды. Ол калий мен
            нөмірі 18 болатын болжанған инертті газдың орнын ауыстырды. Тіпті калийдің атомдық
            массасы  аз  болса  да,  оны  Д.И.  Менделеев  кестеге  кейін  орналастырды.  Периодтық
            кестені мұқият қарап шығып, тап осылай орын ауыстырылған екі элементті табыңдар.
            Элементтердің орналасу реті неге бұзылды деп ойлайсыңдар?
               Біз элементтердің периодтық кестеде атомдық нөмірінің өсу реті бойынша немесе
            протон санына сай орналастырылғанын білеміз. Бір элементтен екіншісіне өткен кезде
            протон саны артады.
               3-тапсырма
               Периодтық кестеде элементтердің бірнеше тобы бөліп көрсетіледі: 1-топ – сілтілік
            металдар; 2-топ – сілтілік-жер металдар; 17-топ – галогендер; 18-топ – инертті газдар.
            Периодтық  кестеден  осы  топтарды  құрайтын  элементтерді  тауып,  дәптерлеріңе
            химиялық таңбаларын жазыңдар.


                                                             Орындаңдар

                                                             1.  Периодтағы элементтердің металдық қасиеттері
                                                                солдан оңға қарай жылжығанда қалай өзгереді?
                                                             2.  Элементтердің бейметалдық қасиеттері топта
                                                                жоғарыдан төмен қарай қалай өзгереді?
                                                             3.  Кестеде сұр түспен боялған элементтер ме-
                                                                таллоидтар деп аталады. Қалай ойлайсыңдар,
                                                                неліктен олай аталған?
                                                             4.  Кестені құрастыру барысында Д.И. Менделеев
                                       Металлоидтар тобы        ашылмаған элементтердің болу мүмкіндігін қа-
                                                                лай болжады?
                                                             5.  Неліктен натрий мен магнийдің немесе оттек
                                                                пен фтордың арасында орналасатын элемент-
                                                                терді ашу мүмкін емес? Бірақ оларды кестенің
                                                                соңынан табуға болады?

































                                                                                       Металлоид: кремний
                                                                                                                 83
   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88