Page 12 -
P. 12

1.4   Саңырауқұлақтар патшалығының айрықша

            белгілері


            Саңырауқұлақтар – тірі табиғаттың ерекше                              Бактериялар  сияқты  саңы-
                  textbooks nis edu kz
            патшалығы                                                             рауқұлақтар  да  –  Жерді  ме-
                                                                                  кендеген  алғашқы  тірі  ағ-
                Саңырауқұлақтар жерүсті және су экожүйелерінің міндет-
                                                                                  залардың    бірі.   Ғалымдар
            ті құрамбөлігі болып табылады және суда, топырақта, ауада             саңырауқұлақтарды  арнайы
            кездеседі. Саңырауқұлақтардың құрылымы мен ерекшелік-                 бір  жеке  патшалыққа  топ-
            терін зерттеумен микология ғылымы айналысады.                         тастырды.  Саңырауқұлақ-
                Саңырауқұлақтар – бұл өсімдіктер мен жануарлар сипат-             тар дың    құрылысы     мен
            тамалары бар тірі ағзалардың үлкен және алуан түрлі тобы.             тіршілігінің  қандай  ерек-
                                                                                  шеліктері  оларды  жеке  бір
                                                                                  патшалыққа       жатқызуға
                Саңырауқұлақтардың              Саңырауқұлақтардың                мүмкіндік  беретінін  ойла-
               өсімдіктермен ұқсастығы         жануарлармен ұқсастығы             нып көр.
              - саңырауқұлақтарда жасуша   - жасуша қабырғасында хитиннің
              қабырғасы бар;               болуы;
              - қоршаған ортадан қоректік   - саңырауқұлақтар жасушасында
              заттарды сіңіреді (осмос);   хлоропластар мен хлорофилл жоқ;
              - спорамен және вегетативті   - несепнәрдің (зат алмасу өнімі)
              (жіпшумақтар бөліктерімен)   түзілуі мен бөліп шығарылуы;
              көбейеді;                    - гликогеннің (қоректік зат қоры)
              - шектеусіз өсе алады;       жинақталуы;
              - қозғалу қабілеті болмайды.  - гетеротрофты қоректену типіне
                                           жатады.                                Тірек сөздер
                                                                                  Микология,  хитин,  гликоген,
            Саңырауқұлақтарды жіктеу                                              төменгі/жоғары  сатыдағы
                                                                                  саңырауқұлақтар,  мицелий,
                Саңырауқұлақтар патшалығы төменгі (денесі бір жасу-
                                                                                  спорангий,  спора,  мукор,
            шадан тұрады) және жоғары сатыдағы саңырауқұлақтарға                  ашытқы,  қалпақты  саңырау-
            бөлінеді.                                                             құлақ, жемісті  дене, қалпақ-
                Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың жіпшесі – тар-                ша, түбіртек, жіпше, пеницилл,
            мақталған көпядролы мицелий. Ол үлкен болып өсіп кеткен               пенициллин, паразит саңырау-
                                                                                  құлақтар.
            біржасушалы ағза болып табылады. Мицелийде қара түсті дөң-
            гелек спора түзетін спорангийлер пайда болады. Солардың
            көмегімен саңырауқұлақ көбейеді. Төменгі сатыдағы саңырау-
            құлақтарға ақ зең немесе мукор жатады. Саңырауқұлақ нан
            немесе көгөністердің бетінде жиі дамиды. Тұрмыста мукор
            азық-түлік өнімдеріне зиян келтіргенімен, табиғатта өлі ағза-
            лардың қалдықтарын ыдырату арқылы пайда келтіреді.                    Нандағы мукор саңырауқұлағы
                                                                                         Спорангийлер
             Зерттеу   Азық-түлік өнімдерінде өскен зең саңырауқұлақтарынан
            уақытша микропрепарат әзірле. Дайындалған микропрепараттарды мик-             Споралар
            роскоппен ұлғайтып, олардың сыртқы құрылыс ерекшеліктерін анықта.
            Микроскоппен көргеніңді оқулықтағы суретпен салыстыр. Суретін салып,            Мицелий
            құрылыс бөліктерін жаз.
                                                                                    Мукор             Пеницилл
              12
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17