Page 8 -
P. 8
1.2 Өсімдіктер патшалығының негізгі бөлімдері.
Споралы өсімдіктер
textbooks nis edu kz
Өсімдіктер патшалығы. Жалпы сипаттама
Динозаврлар заманынан
Өсімдіктер патшалығы 500 мыңға жуық өсімдік түрін бері ғаламшарымызда
өсіп келе жатқан өсімдік-
қамтиды. Өсімдіктер – бұл фотосинтезге қабілетті, эукариотты тер бар. Қалай ойлайсың,
ағзалар. Олардың арасында біржасушалылар мен көпжасу- бұл қандай өсімдіктер?
шалылар кездеседі.
Өсімдіктердің басқа да айрықша белгілерін:
– бекітілген өмір салты;
– целлюлозадан (күрделі көмірсу) тұратын тығыз жасу-
шалық қабырғалардың болуы;
– өмір бойы үздіксіз өсу;
– автотрофты қоректену типі;
– сіңіру жолымен қоректену; Тірек сөздер
– қосымша көмірсу ретінде крахмал түзу;
– споралар, тұқымдар мен вегетативті мүшелердің көме- Споралық өсімдіктер, цел-
люлоза, крахмал, спорофит,
гімен көбею; гаметофит, балдырлар, таллом,
– жыныссыз буын – спорофит пен жынысты буын – гаме- қатпар, ризоидтар, хромато-
тофиттің кезектесуі. фор, мүктәрізділер, қауашақ,
қырықжапырақтәрізділер.
Өсімдіктер патшалығы
Таллом (таспа тәрізді бөлігі)
Ұлпалары мен Ұлпалары мен мүшелері бар
мүшелері жоқ
Балдырлар Споралы өсімдіктер Тұқымды
өсімдіктер
Діңгекше
Жасыл/Қоңыр/ Мүктәрізділер Ашықтұқымдылар Ризоидтар
Қызыл Қырықжапырақтәрізділер Жабықтұқымдылар
Көпжасушалы балдырдың
Балдырлар құрылысының ерекшеліктері құрылысы
Балдырлар – бірнеше бөлімді және 30 мыңға жуық түрді қамтитын өсімдіктердің ауқым-
ды тобы. Балдырлар теңізде, тұщы суларда және құрлықтағы ылғалды орталарда таралған.
Олардың денесі (таллом) бірдей жасушалардан тұрады және ұлпалар мен мүшелерге
бөлінбейді. Таллом бір ғана жасуша, жасушалар колониясы немесе көп жасушалы қатпар
болуы мүмкін. Субстратқа бекітілу үшін ризоидтар – жіп тәрізді өсінділер қызмет етеді.
Талломға түс беретін пигменттің құрамына орай балдырлар жасыл, қызыл және қоңыр
болып бөлінеді. Бұл пигменттер хроматофорларда (балдырлар хлоропластарында) ор-
наласқан.
1-зерттеу Суреттер мен кеппешөп үлгілерін пайдалана отырып, біржасушалы және көпжасушалы балдыр-
лардың сыртқы түрін және құрылыс ерекшелігін зертте. Олардың пішінін сипаттап, хроматофор түсін көрсет.
8

