Page 7 -
P. 7
Омыртқасыз жануарлар
Жер бетіндегі жануарлардың 97%-нан астамы – омыртқасыздар. Олардың омыртқасы
мен сүйек қаңқасы жоқ, ал тірек-қимыл жүйесі тері-бұлшықет қапшығынан немесе қатты
сыртқы қаңқадан тұрады.
класыnis edu kz
Қарапайым бақыланатын сипаттамалардың негізінде омыртқасыздар әртүрлі типтерге
біріктірілген. Олардың ең белгілілерінің, мысалы, буынаяқтылардың сегменттелген денесі
және буынаяқтары бар. Тікентерілілердің денесі радиалды симметрияға ие. Күйдіргіш жа-
сушалар мен қармауыштармен қоршалған ауыз тесігі бар ішек қуысы тек ішекқуыстыларда
ғана бар.
2-тапсырма Жүйке жүйесінің қандай типтерін білесің? Сарыжылан мен шұбалшаңның жүйке жүйесі қай
типке жататынын есіңе түсір. Омыртқалы жануарларға жүйке жүйесінің қай типі тән? Аталған ағзаларды
жүйке жүйелерінің күрделенуіне қарай тәртіппен орналастыр.
3-тапсырма Фотосуретте көрсетілген ағзаларды дене пішіні,
жабыны, құрылыс ерекшеліктері бойынша салыстыр.
Омыртқалы жануарлар Бұғы-қоңыз Тоғай бұғысы
Барлық омыртқалы жануарларда сүйек немесе шеміршекті қаңқа бар. Тек төменгі са-
тылы түрлерінде тығыз түтік тәрізді өзек – желі (хорда) болады.
Белгілері Шеміршекті Қосмекенділер Жорғалаушылар Құстар Сүтқоректілер
және сүйекті класы класы класы
балықтар класы
Дене Денесі Терісі жұқа, Терісі құрғақ, Денесін Терісінде бездер
жамылғысы қабыршақтармен ылғалды мүйізді қауырсын көп. Түкті
қапталған қабыршақтармен қаптайды, жамылғы дамыған
қапталған терісінде
бездер жоқ
Қаңқа textbooks Ішкі, сүйекті Ішкі, сүйекті Ішкі, сүйекті
Ішкі қаңқа: сүйекті
Ішкі, сүйекті
немесе шеміршекті қаңқа қаңқа қаңқа қаңқа
Өзіңді тексер
1. Дұрыс тұжырымдарды анықта, ал бұрыс тұжырымдарды түзет:
A. Жүйелеу – ағзалардың алуантүрлілігін зерттеумен және оларды жіктеумен айналысатын ғылым.
Ә. Жүйелеудің негізгі міндеті – барлық тірі ағзалардың тарихи даму кезеңдерін зерттеу.
Б. Ағзаларды жүйелеудегі ең кіші бірлік бұл – түр.
В. Жануарлар бөлімдері класс санатына бөлінеді.
Г. Ағзаның атауы екі таксономиялық санаттан тұрады: тип және класс.
2. Орман мысығының жүйелеудегі орнын анықта.
3. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлар арасындағы негізгі айырмашылықтарды ата.
Күрделілігі жоғары тапсырма Үй итінің жүйелеудегі орнын анықта. Ит тұқымын анықтау үшін дихотомия-
лық кілт құрастыр.
7

