Page 3 -
P. 3

Кіріспе






                  textbooks nis edu kz
               Қымбатты оқушы!
                   Биыл сен қызықты ғылым – биологияны зерттеуді жалғастырасың. Ой-өрісіңді кеңейтіп,
               таңғажайып тірі табиғатты ашуға мүмкіндігің болады. Өсімдіктердің құрылысымен танысып,
               олардың тіршілігіндегі жеке үдерістерді қарастырасың. Органикалық әлемдегі әрбір ағзаның
               орнын анықтайтын жүйелеу ғылымы туралы түсінік аласың.
                   Жануарлар дүниесін және адамды зерттей отырып, тыныс алу, бөліп шығару үдерістері мен
               денедегі заттардың тасымалдануы қалай жүзеге асырылатынын түсінесің. Ішкі секреция бездерінің
               не екенін және олардың ағзадағы зат алмасу үдерістеріне, ағзаның өсуі мен дамуына қалай әсер
               ететіні туралы білетін боласың.
                   Оқулық материалдарын және өзге де дереккөздерді пайдалана отырып,  эволюциялық
               маңызы зор тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтарын зерттейтін генетика ғылымы
               туралы бастапқы білімді меңгересің. Бұл үдерістердің біздің ғаламшарымыздағы тірі ағзалардың
               алуантүрлілігін көбейтуге ықпал ететінін білетін боласың.

















































                                                                                                         3
   1   2   3   4   5   6   7   8