Page 6 -
P. 6

1.1   Тірі ағзаларды жіктеу жүйесі.

            Омыртқасыз және омыртқалы жануарлар


            Жануарларды жіктеу және негізгі                                       Жануарлар дүниесі алуан
                  textbooks nis edu kz
            таксономиялық санаттар                                                түрлі. Дегенмен, жүйелеу
                                                                                  ғылымында жануарлар
                Жүйелеу – тірі ағзалар түрін белгілі бір сипаттамаларына          дүниесі өкілдерінің 97%-дан
            сәйкес  жіктеуге  мүмкіндік  беретін  ғылым.  Жіктеу                  астамы белгілі бір топқа
            эволюциялық қатынастар мен ағзалар арасындағы туыстық                 тиесілі. Жануарлардың
            байланыстарды  көрсетеді.  Жіктеудің  негізін  мынадай                қай тобы туралы айтып
            таксономиялық санаттар (таксондар) құрайды: тип (бөлім),              отырғанымызды анықта.
            класс, отряд (қатар), тұқымдас, туыс, түр. Түр атауы екі сөзден
            тұрады: туыс атауы және түр атауы, яғни Карл Линней ұсынған
            бинарлы номенклатура қолданылады.

             1-тапсырма     А. Берілген жіктеу   Патшалық   Жануарлар
            үлгісін  пайдалана  отырып,  ағза-  Тип
            лардың жүйелеудегі орнын анықта:                Сүтқоректілер
            жолбарыс, қоңыр аю.                 Отряд                             Тірек сөздер
            Ә.  Кестеде  Саналы  адам  түрінің              Гоминидтер            Жүйелеу,  жіктеу,  таксоно-
            жүйелеудегі орналасуы көрсетіл-                 немесе адамдар        миялық  санаттар,  бинар-
            ген. Кестенің бос ұяшықтарына қа-   Туыс                              лы  номенклатура,  гликоген,
            жетті ақпараттарды енгіз.                       Саналы адам –
                                                            Homo sapiens          омыртқасыз/омыртқалы  жа-
                                                                                  нуарлар, желі.
            Жануарлар патшалығы. Жалпы сипаттама


                Жануарлар патшалығы – саны ең көп патшалық.                                ТИП
            Ол бүкіл тіршілік орталарын мекен ететін 2 млн-нан                          ЖЕЛІЛІЛЕР
            астам тірі ағзалардың түрлерін қамтиды. Жануарлар                            Тип тармағы
                                                                                      ОМЫРТҚАЛЫЛАР
            түр-тұрпатымен, дене пішінімен, терісімен, қозғалу
            мүшелерімен, ішкі құрылысы және мінез-құлқымен                                 КЛАСС
            ерекшеленеді.                                                              СҮТҚОРЕКТІЛЕР
                Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, жануар-                                 ОТРЯД
            лардың ортақ белгілері де болады. Сол белгілеріне                          ЖЫРТҚЫШТАР
            қарай оларды бір патшалыққа жатқызамыз. Жануар-
            лардың құрылысы – жасушалы, өсуге, дамуға және                           Қасқыр  ТҰҚЫМДАС Сусарлар   Аюлар
                                                                        Мысықтәрізділер
            көбеюге қабілетті. Олардың басым бөлігі кеңістікте                      тұқымдастар  тұқымдасы  тұқымдасы
                                                                                           ТУЫС
            белсенді қозғалады. Қоректену тәсілі бойынша жану-             Қабылан    Қасқыр    Сусар      Аю
            арлар – гетеротрофты ағзалар, қоректік заттар қоры
            гликоген (глюкоза қалдықтарынан тұратын күрделі                                ТҮР
            көміртек) болып табылады.                                    Жолбарыс   Кәдімгі қасқыр  Орман сусары  Қоңыр аю
                Бүкіл жануарлар ішкі қаңқасының болуына не
            болмауына қарай екі топқа бөлінеді: омыртқасыз-
            дар және омыртқалылар.
                                                                                  Жануарларды жіктеу


               6
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11