Page 4 -
P. 4

Оқу барысында түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап, зерттеу жұмыс-
                           тарына қатысасың, әртүрлі ақпарат көздерімен, кеппеөсімдіктердің (гербарий)
                  textbooks nis edu kz
                           үлгілерімен және микропрепараттармен жұмыс жасайсың.
                              Биология сабағында біздің оқулығымыз арқылы қол жеткізген білім мен
                           дағдыларың өз денсаулығыңды сақтауда жақсы нәтижелер көрсетуіңе, жаһан-
                           дық және аумақтық экологиялық мәселелерді шешудің түрлі жолдары мен
                           әдіс-тәсілдері туралы ойлануыңа ықпал етеді.
                              Оқулықта терең биологиялық білім мен қолданбалы зерттеулер тәжіри-
                           бесін талап ететін мамандықтар туралы ақпарат бар. Бұл оқулық сені тек тірі
                           табиғаттың таңғажайып әлеміне жетелеп қана қоймай, сонымен қатар адамзат
                           әлемін зерттеу мен танудың әр алуан әдістерін алдыңа тосатын болады деп
                           үміттенеміз.
                                                                                        Авторлар























































               4
   1   2   3   4   5   6   7   8   9